Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ҚазМұнайГаз" ҰК директорлар кеңесінің мүшелері қанша табыс табады?

"ҚазМұнайГаз" ҰК директорлар кеңесінің мүшелері қанша табыс табады?

2014 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы директорлар кеңесінің мүшелерінің саны 8 болды. Алайда қаражат құрылымы тұрақты күйде қалды. Осы кезеңде басқама мүшелерінің саны 12-ден 7 адамға дейін қысқарды. Алайда басқарма аппаратында  қысқартулар болғанмен, жұмсалатын қаражат қысқармаған.

Zonakz.net ақпарат агенттігінің ақпаратына сүйенсек, Фрэнк Куйлаарс компанияның директорлар кеңесінің төрағасы ретінде жылына 75 мың доллар алатын болса, тәуелсіз директор ретінде тағы 150 мың доллар алады. Қаржы жөніндегі комитет төрағасы болғаны үшін - 25 мың доллар, тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі ретінде 12,5 мың, стратегия және инновация жөніндегі комитетке мүше ретінде 12,5 мың, аудит жөніндегі комитет мүшесі болғаны үшін 17,5 мың доллар беріледі. Фрэнк Куйлаарстың жылдық сыйақысы - 292,5 мың доллар. 

Тәуелсіз директор Питер Лэйннің жалақысы – 150 мың доллар. Бұған тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитет (25 мың доллар) пен аудит жөніндегі комитеттің төрағасы (35 мың доллар), стратегия және инновация комитеті (12,5 доллар) мен қаржы комитетінің мүшесі (12,5 мың доллар) ретінде алатын сыйақыларын қосамыз. Нәтижесінде ол ҚазМұнайГаздан 235 мың доллар табыс табады.

Сондай-ақ тәуелсіз директор Кристофер Уолтонның алатыны – 150 мың доллар. Сондай-ақ, ол стратегия және инновация жөніндегі комитеттің төрағасы ретінде 25 мың, аудит жөніндегі комитет мүшесі болғаны үшін 17,5 мың доллар алады. Стратегия және инновация комитеті (12,5 доллар) мен қаржы комитетінің мүшесі (12,5 мың доллар) ретінде алатын сыйақылары бар. Осылайша, Уолтонның жылына алатын қаражаты - 217,5 мың доллар.

Компанияның тәуелсіз директорларының бірі – Ерлан Баймуратов. Ол өзінің жалақысын теңгемен алады - 18,2 млн теңге. Ол 2014 жылы тәуелсіз директор болып сайланған кезде 18,2 млн теңге 100 мың доллар болған. Ал қазір - 53 мың доллар (1 доллар ). Сондай-ақ, ол стратегия және инновация комитеті мен қаржы комитетінің мүшесі ретінде 25 мың доллар алады.

[caption id="" align="alignnone" width="1200"]Состав директоров КазМунайГаза Фото: zonakz.net[/caption]

Алайда төленетін ақша тек бұл ғана емес. Егер тәуелсіз директор директорлар кеңесі, ҚМГ төрағасы немесе "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы өткізетін отырысқа, кездесуге, жиналысқа қатысатын болса қосымша төленетін сыйақы тағы бар. Ал 2014-2015 жылдары мұндай жиналыстар 18 рет болған және 2 мың доллар алған. Ең қызығы, шетелдік басқарушылар аталған іс-шаралардан еш қалмайды және жыл сайын өз бюджеттерін36 мың долллармн толтырады. Баймуратов болса 3 отырысқа қатыспай, нәтижесінде 30 мың доллар алған.

Топ-менеджерлер жалақысы

Топ-менеджерлер мен ішкі аудит қызметкерлері және ұжымдық хатшылардың еңбегі "қаржы жылының қорытындысы мен стратегиялық мақсатта жетістікке жетуі" бойынша бағаланады.  Сондықтан оларға сыйақы қалай есептелетіні белгісіз.

Zonakz.net  сайтының мәліметінше, 2014 жылы жетекшілерге берілген жалпы сыйақы көлемі - 197,457 млн теңге. 2015 жылы бұл сома 655,662 млн теңеге дейін ұлғайған. Яғни ҚМГ топ-менеджерлері теңгенің құнсыздануы мен сыртқы экономикалық жағдайларға қарамастан 3,3 есе табыс тапқан.

Похожие материалы