Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚазМұнайГаз» құрамындағы 131 компанияны қысқартады

«ҚазМұнайГаз» құрамындағы 131 компанияны қысқартады
«Қазмұнайгаз» АҚ құрамындағы 206 компанияның тек 75-і ғана қалады. Қалғаны қосылып немесе жекешелендіріледі. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты. «ҚазМұнайГаз» 206 компаниядан тек 75-ін қалдыру шешімін жасады. Қайта өңдеу және маркетинг» бағыты толықтай, яғни барша МӨЗ-дер мен жанармай құю стансалары желілерін қоса отырып, «ҚМГ - қайта өңдеу және маркетингтің» 51 пайызын сату жолымен жекешелендіріледі»,-деді Шөкеев. Сонымен қатар «Rompetrol» компаниясын қоса отырып, «KMG International» компаниясының 51 пайыздан кем емес деңгейін сатуға қою ұсынылып отыр.

Похожие материалы