Экономика
Выбор редактора
"Қазмұнайгаз" жанармай бекеттерінің құрылысы тоқтатылады
ҚР президентінің үнемдеу саясатын іске асыру мақсатында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қаржыландыратын "Қазмұнайгаз" жанармай бекеттерінің құрылысы ұзақ мерзімге тоқтатылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте қордың бизнесті дамыту бөлімінің директоры Берік Бейсенғалиев хабарлады.
"Біз "Қазмұнайгаз" жанармай бекеттері желісінің құрылысын белгілі бір ұзақ мерзімге тоқтата тұруды ұйғардық. Өйткені, қазір бізде жанармай бекеттеріне деген қажеттілік байқалмайды." - деді Берік Бейсенеғалиев.
Сонымен қатар ол аталған бекет құрылысының тоқтатылуы ҚР президентінің жуырда айтылған үнемдеу жайлы үндеуіне де байланысты екенін айтты. Еске сала кетсек, 3-тамызда президент Н.Назарбаев жалпыға бірдей қаражат үнемдеу қажеттілігін айтқан болатын.
Ал, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқатқорының баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, елде жалпы саны 40 шақты "Қазмұнайгаз" жанармай құю бекеттері салынуы тиіс болатын.