Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5% өсті

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5% өсті

Алматы. 23 қараша. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы қазанда инфляция 0,4%, жылдың басынан бері – 3,7% болды, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Жылдық инфляция 5,3% деңгейінде қалыптасты және 2018 жылдың соңында Ұлттық Банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде тұр.

Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5%-ға, азық-түлік тауарлары және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 4,7% және 4,8%-ға өсті.

2018 жылғы қазанда халықтың инфляциялық күтулері аздап төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы нақты инфляциядан жоғары бола тұра 6,3% болды.

Похожие материалы