Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бәйтерек" ұлттық холдингі табысын 4,8%-ға көбейтпекші

"Бәйтерек" ұлттық холдингі табысын 4,8%-ға көбейтпекші

"Бәйтерек" ұлттық басқарма холдингі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 30,8 млрд таза табыс түсірмекші, бұл 2013 жылға қарағанда 4,8%-ға артық деп хабарлайды холдингтің баспасөз-қызметі.

"Холдингтің табысы 170 млрд теңге құрады, өткен жылмен салыстырғанда 13% артық. 2014жылдың қорытындысы бойынша активтер 27%-ға ұлғайып, 2,37 трлн теңге құрады", - делінген хабарламада. 2014 жылы 509 млрд теңге көлеміндегі несие берді, осы арқылы жалпы несиелік портфелін 60%-ға ұлғайтты. Олардың ішінде тұрғын-үй қарызына 97,8 млрд теңге берілген. Ұлттық Қордан бөлінген қаражатқа байланысты 75 млрд теңгеге жаңа 305 жобалар салынды. Шағын және орта бизнестің 3,3 мың кәсіпорнына 182,3 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Ел экономикасына салынған инвестициялар үлесі 40 млрд теңгені құрайды, аталған көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 74%-ға артық. Айта кетейік, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2015 жылдағы холдинг шығындары үнемделіп, капиталдық шығындар 25%-ға, әкімшілік шығындар 9,8%-ға қысқартылды.  

Похожие материалы