Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бұл аптада қандай маңызды оқиғалар болды?

Бұл аптада қандай маңызды оқиғалар болды?

Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды оқиғалар болады. 7kun.kz  тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. Сонымен, 27-31 наурыз қандай жаңалықтарымен есте қалды?

Дүйсенбі, 27 наурыз.

2016 жылы пайдалануға берілген пәтерлер саны рекорд көрсеткіштен асты. 

2016 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй саны алғаш рет 1991 жылғы көрсеткіштен асты – бір жылда қолданысқа берілген пәтерлер саны 89 мыңға жетті. Бұған дейінгі рекорд көрсеткіш 84,5 мың болып, тәуелсіздік алған жылдары тіркелген еді.

Шағын кредиттік ұйымдардағы токсинді кредиттердің үлесі банктерден төмен екені белгілі болды. 

2016 жылдың қорытындысы бойынша шағын қаржылық ұйымдардың (ШҚҰ) жалпы кредит портфеліндегі токсинді кредиттердің (төлемі 30 күнге кешіккен) үлесі 3,8 пайыз. Банктердегі нашар кредиттердің (төлемі 90 күнге кешіккен) үлесі 6,7 пайыз.

Қазақстанда әлеуметтік салық көлемі төмендеуі мүмкін екенін хабарлады. 

«5 пайыздық зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдері бойынша қабылданған шешімдерге байланысты жалақы қорына жүктеменің арта түсетіндігімен түбегейлі келісемін. Бұл бізді алаңдатып қана қоймай сонымен бірге қорды қалай қысқарту керегін ойландырып та отыр. Әзірленіп жатқан Салық кодексі аясында біз салық жүктемесінің қандай элементтерін төмендетуге болатындығын ойластыратын боламыз. Әзірше, зейнетақы жүйесін, медициналық қамсыздандыруды қоғамдық қайта теңгерімдеусіз төмендетуге болатын жалғыз элемент  — бұл әлеуметтік салық болып тұр. Оны төмендетуді ойластыратын шығармыз», — деді депутаттардың осы мәселеге қатысты сұрағына жауап берген Сүлейменов.

Сейсенбі, 28 наурыз. 

Сарапшылар доллар ең төменгі көрсеткішке дейін құлдырауы мүмкін екенін айтты. 

Қазір мұнай бағасы ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайту туралы келісімінен алдынғы деңгейде тұр. Бұл түсінікті дейді Forex Club-тың сарапшысы Ирина Рогова. «Себебі трейдерлерге АҚШ-тағы мұнай қоры мен өндірісінің көлемі қысым жасап отыр. Бірақ әзірге, оның көлемі ОПЕК қысқартқан өндіріс көлемінен аз. Қазіргі төмен баға уақытша деп ойлаймын. Өндіріс көлемін азайту туралы келісімге қол жеткізсе, мамырға таман Brent мұнайы барреліне 55 долларға дейін көтерілуі мүмкін», — деп болжады ол.

Finprom ЕАЭО елдерімен сауда жүргізу Қазақстанға тиімсіз деп хабарлады. 

Агенттік сарапшыларының айтуынша, экспортталатын қазақстандық тауарлардың арзандауы еркін айналымдағы теңге курсы әсер еткен. 2016 жылдың аяғында теңге айырбас курсының индексі долларға қатысты 59,8 пайызды, рубльге 89,9 пайызды құраған. Соңғы жылдары Қазақстанның ЕАЭО елдеріне жіберген экспорт көлемі 3,9 млрд долларды құраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 23,5 пайыз аз. Одан бөлек, импорттың да көлемі біршама төмендеді – өткен жылмен салыстарғанда, 13,7 пайызға азайып, 9,7 миллиард долларды құраған. Бұған дейінгі тенденция әлі өзгерген жоқ — импорт көлемі экспорттан көп.

Сағынтаев жанармай тапшылығын жоюды тапсырды. 

«Бұл мәселе биыл ғана туындап тұрған жоқ, жыл сайын болады: не газ жоқ, не бензин жоқ. Бәрін жоспарлау керек — газ бен бензинді кім алады, қайда жөнелтеді. Әкім айтқандай, жанармай облыста емес, басқа жаққа сатылса, шара қолдану керек. Мұны осылай қалдыруға болмайды, бәрі біткен соң шара қолданудың не керегі бар», — деді Сағынтаев сөзін.

Сәрсенбі, 29 наурыз.

Ұлттық банк клиенттерді идентификациялайтын жаңа жүйе енгізеді. 

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен «Қазпоштаның» және басқа да төлем жасайтын ұйымдардың клиенттері туралы ақпараттар жиналған бірыңғай база жасауды жоспарлап отыр. Кез келген екінші деңгейлі банктердің интернет-банкингтеріне клиенттерді тіркеу мен индентификациялауға жауап беретін жүйе құрылмақ. Ол бір мемлекеттік органның құрамында болады, дәл қайсысында екені әлі белгісіз.

Қазақстанда ескі көліктерге сұраныс артты.

Қазақстандықтар өмір сүру деңгейі түсуіне байланысты жаңа емес, пайдаланылған көліктерді сатып ала бастады. Осы жылдың ақпанындағы ақпарат бойынша, Қазақстанда «жасы» оннан асатын көліктердің саны 2,3 миллионға жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 69 мыңға көп. Ескі көліктердің көбеюімен қатар, елдегі шыққанына 3 жыл болмаған көліктердің саны 109-ға азайды.2014-2015 жылдары Қазақстанда автокөлік сатылымы күрт көбейіп, елдегі машиналар саны екі жылда 510 мыңға артқан еді. Сондай-ақ, сол мерзім аралығында ескі көліктердің саны 738 мыңға азайған.

Екі мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жүр

«Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан барған екі мыңға жуық адам заңсыз жүр. Жалпы, басқа елдерден де адамдар осы мемлекетке барып, қалып жатыр», — деді ол. Оның сөзіне қарағанда, соңғы кезде кейбір қазақстандықтар Кореяға визасыз бару мүмкіндігін пайдалана отырып, сонда қалып жатыр.

Бейсенбі, 30 наурыз.

Сағынтаев: Кәсіпкерлер алдындағы жасанды кедергілерді жоюымыз қажет

Ақтөбеде өткен жиын кезінде әлеуметтік жаңғырту бағытында шешімін таппай тұрған мәселелердің де бар екені айтылды. Ел заңнамасы бойынша, медициналық орталық ашу үшін бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасарына 150 шаршы метрлік кабинет қажет екен.

Біз 150 шаршы метр аумаққа емхана салғымыз келеді, ал сіздер бізден тек бас дәрігердің бөлмесі үшін 150 шаршы метр талап етесіздер. Менде ондай ақша жоқ», — деді кәсіпкер.

Үкімет басшысы дәріхана аумағы 40 шаршы метрден кем болмауы тиіс екенін айтып, осындай қарама-қайшылықтар әлі де бар екенін айтты. Біз жасанды кедергілерді жоюымыз қажет. Сонда экономика дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады», — деп пікір білдірді Сағынтаев.

Ұлттық банк: Қазақстандағы депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендеді

Қазақстанда жеке  тұлғаларға арналған депозиттердің орташа ставкасы 12 пайыздан 11,8 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады. Ол 2017 жылдың ақпанынан бері төмендей бастаған. Ал шетелдік валютадағы жеке тұлғаларға арналған депозиттің пайыздық мөлшерлемесі 2,6 пайыздан 2,4 пайызға қысқарды. Ал заңды тұлғаларға арналған депозиттің сыйақы мөлшерлемесі ұлттық валютада 10,5 пайыздан 10,2 пайызға, шетелдік валютада 1,6 пайыздан 1,4 пайызға кеміген.

ІІМ: Ұрланған мүлікті ломбардқа өткізу фактісі көбейді

«ҚР Ішкі істер министрлігі ломбардтардың қызметін жеке заңнамалық актілермен бақылауға алуды ұсынады. Біз жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, ұрланған мүліктерді ломбардқа тапсыру фактілері жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2006 жылы — 82, ал 2016 жылы шамамен 500 факті тіркелді және бұл ашылған қылмыстық істер бойынша ғана мәліметтер», — деп жазды ІІМ Ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Жұма, 31 наурыз.

Мусин пара алу кезінде ұсталды.

Осы жылдың 31 наурызы күні  Б. Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі  параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды. Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құрайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», — делінген Ұлттық бюро  баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған жаңа қосымша пайда болды.

«Бұрын уәде бергеніміздей, біз Qamqor қосымшасын құрастырдық. Оны әр кәсіпкер көмекші құрал ретінде пайдалана алады. Қосымша кез келген гаджетке (ұялы телефон немесе планшет) көшіріледі. Көшіргеннен соң, бағдарамаға тіркелесіз.  Сосын тексеру мақсатында «К Вам придут с проверкой ДАТА» деген Push-хабарлама келеді. Хабарламаны ашсаңыз тексеруші ұйым, аты-жөні және тексеру уақыты  пен типі шығады. Тексеруші тексеру туралы 14 таңбалы акт ұсынуға міндетті. Сіз сол актідегі нөмірді енгізіп, барлық қажетті ақпаратты ала аласыз. Ал егер код қате немесе тексеру уақыты актіде көрсетілген мерзімнен асып кеткен болса, тексеріс заңсыз! Мұндай жағдайда сіз комитеттің аймақтың ұйымына шағым түсіре аласыз. Шағым расталса, жағдайда анықтау үшін мобилді топ жіберіледі», — деп жазды Бағдат Мусин.

Қазақстандықтар ет жеуді азайтты

Қазақстандықтар тәттілерді жеуді де азайтқан. Алдын ала жарияланған мәлімет бойынша, 2016 жылы орташа статистикалық қазақстандық өткен жылмен салыстырғанда нан мен нан өнімдерін 1 пайызға көп жеген. Сүт пен сүт өнімдерін бір жыл ішінде 1,2 пайызға, жұмыртқаны 0,7 пайызға, кортопты 0,5 пайызға көп жейтін болған. Ал майлы тағамдарды 1,9 пайызға көбейткен.

Бірақ ҚР тұрғындарының рационында пайдалы өнімдер азайған. Бір жыл ішінде ет пен ет өнімдерін 0,6 пайызға, көкөністі 0,5 пайызға азайтқан. Елде бағалардың өскені соншалықты, қазақстандықтар жеміс-жидектерден бас тартуға мәжбүр болған (-4,5 пайыз), балық пен теңіз өнімдерін (-3,7 пайыз) және тәттілерді (-3 пайыз) азайтқан.

Наурыздың соңғы аптасын ұлттық валюта «сәтті» аяқтады.

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 31 наурыздағы доллардың орташа бағамы 313,71 теңгені құрады. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 313,36 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 314,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 313,51 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 102 млн 050 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 240.

 

 

Похожие материалы