Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды оқиғалар болады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. Сонымен, 3-7 сәуір қандай жаңалықтарымен есте қалды?
Дүйсенбі, 3 сәуір.
Қазақстанда астық сақтайтын жаңа терминалдар пайда болатыны белгілі болды.
Ақмола облысында астық сақтауға арналған үш терминал пайдалануға берілетіні белгілі болды. Терминалдардың жалпы көлемі 57 мың тонна. Жалпы Ақмола облысында астықты кептіру, тазалау, сақтау жұмыстарымен 64 кәсіпорын айналысады. Олардың сыйымдылығы 4,1 млн тонна. Одан бөлек, өндірушілер тағы да 1,9 млн тонна көлемде астық сақтауға болатын мүмкіндіктерді қарастырып жатыр.
Қазақстан мен Түркия бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құрады.
Қазақстан мен Түркия сауда-өнеркәсіп палатасын құруы мүмкін. Мұндай ақпаратты бүгін Астанада өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер іскерлік кеңесінің «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.
Қазақстанда «жасыл экономиканың» үлесі — 1 пайыз болды.
Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу қарқыны артты. 2016 жылы қайта қалпына келетін энергия көздері 2015 жылмен салыстырғанда 32 пайызға көп электр қуатын өндірген. Алайда жалпы есепте олардың үлесі 1 пайызды ғана құрайды.
Сейсенбі, 4 сәуір.
Храпунов шетелдегі мүліктерін офшор арқылы сатып алғаны белгілі болды.
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жылжыйтын және жылжымайтын мүліктерді офшор арқылы «сатып алған». Бұл арқылы ол мемлекетке 300 млн залал келтірген. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Марат Бекетаев Үкімет отырысында айтты.
Астанада көп бөлмелі пәтерлер арзандады.
Орташа есеппен Астанадағы үйлердің шаршы метрінің бағасы 352 мың теңгеге немесе 1119 долларға дейін төмендеген. Бұл туралы kn.kz сараптама қызметі хабарлады. Портал мәліметі бойынша бір апта ішінде бір бөлмелі пәтерлер 3 пайызға (13,6 млн теңгеге дейін), екі бөлмелі – 4 пайызға (20,8 млн теңгеге дейін), үш бөлмелі – 4,6 пайызға (30,8 млн теңгеге дейін) арзандаған.
Медициналық мекемелерде есеп құжаттары 32 пайызға қысқартылды.
Тіркеу және есепке алу құжаттарын оңтайландыруға арналған шаралар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Сәрсенбі, 5 сәуір.
Энергетика министрлігі Қазақстанда тариф бағасын төмендететіні белгілі болды .
Мәжілістің пленарлық кездесуінде министрдің айтуынша, тұтынушыға электр эрнергиясы жеткенше, тізбек АҚ «KEGOC» желісінен басталып, региональді электр желілер компанияларына және тағы үш деңгейлі компаниялармен жалғасады. Сондықтан тұтынушыларға төмен сапалы, ақауы бар электр энергиясы келеді. Электр энергиясының қызметіне қосымша шығындар көбейеді. Соған байланысты тарифте қымбаттайды.
Бұл мәселені шешудің Заңнамалық жобада екі жолы бар екенін министр атап өтті.
«Біріншісі – қосылған тікелей желілерге шарушалық құқықта немесе мемлекеттік заңды тұлғаның сенімді басқару немесе өтеусіз қолдану электр беру компанияларындағы электрлік тізбектердің берілуі. Екіншісі — өзара жеке меншік энергия берушi ұйымдардың шоғырландыру процесі үшін механизмдер ойлап табу», — деп хабарлады Бозымбаев.
Оңтүстікте бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті.
Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде солтүстіктегі 636 жұмыс беруші мекеме ұсынған 1785 бос жұмыс орны ұсынылды. Бұл вакансиялардың барлығы білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, ауылшаруашылық пен құрылыс салалары бойынша.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мұндай жәрмеңкенің халқы тығыз қоныстанған Оңтүстік өңірінде ұйымдастырылуы кездейсоқ еместігін айтты. «Мұнда еңбек күші айтарлықтай артық болса, солтүстік өңірлерде жұмыс қолының тапшылығы сезіледі. Сондықтан, аталған жәрмеңке, ОҚО тұрғындарына өз мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектеседі деген үміт бар», — деді ол.
Банктер ауыл шаруашылығына кредит беруді азайтты.
Мерзімі өтіп кеткен қарыздар көбейгендіктен банктер ауыл шаруашылығына кредит беруді тоқтатты. Екінші деңгейлі банктердің кредит портфелі екі айда 13 млрд теңгеге азайды (2%).
Бейсенбі, 6 сәуір.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігіне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездесті. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды.
Қазақстанда тағы бір ислам банкі пайда болатыны белгілі болды.
Жақын арада «Заман-Банкі» АҚ Ислам банкі қызметтері нарығына шығады. «Қарапайым банктен ислам банкіне ауысқаннан кейін, бұл банк исламдық қаржыландыру принциптеріне сәйкес қызмет көрсетеді», — деп атап өтті Нұрлан Абдрахманов.
Жемқорлық кең тараған мемлекеттік органдар анықталды.
Қазақстанда Кедендік органдар, экономикалық тексеру қызметі мен көліктік бақылау сыбайлас жемқорлық кең таралған органдар деп танылды. Зерттеу барысында жоғарыда аталған мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың орташа мөлшері анықталған.
Кедендік органдарда – 12 мыңнан 486 мың теңгеге дейін, экономикалық тексеру қызметінде – 165 мыңнан 632 мың теңгеге дейін, ал көліктік бақылау органында – 85 мың теңгеден 314 мың теңгеге дейін.
Жұма, 7 сәуір.
Еуроодақ Қазақстандағы 9 жобаны қаржыландыратыны белгілі болды.
Еуроодақ басшылығы Қазақстанда 9 жаңа жобаны іске қосады. Оның жалпы сомасы 3,7 млн еуро.
«Бүгінгі іс-шара Еуроодақтың Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына қаншалықты кең көлемде әсер ететінін көрсетті. Қазақстан орта деңгейлі табыс табатын елдер қатарына қосылғандықтан, 2014 жылдан бастап екі жақты серіктестік тоқтатылған. Алайда, Қазақстан 2014-2020 жылдардағы Орталық Азия елдеріне арналған бағдарламаға қатыса алады. Қазақстандағы Еуроодақ өкілдігі бірнеше екі жақты жобаларды да жүзеге асырмақ. Олар жасыл экономика моделіне бағытталған. Жобаға 7,1 млн еуро жұмсалады. Сонымен қатар, сот жүйесі реформасын қолдау үшін 12 млн еуро бөлінеді», — дейді Траян Христеа.
Ұлттық банк Цеснабанкке БЦК акциясын сатып алуға рұқсат берді.
ҚР Ұлттық банкі «Цеснабанк» АҚ-на «Банк ЦентрКредит» АҚ үлесін сатып алуға және банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім берді.
Ratel.kz, Forbes.kz сот шешімімен Кәкімжановтардың пайдасына 50 млн теңге төлейді.
Алматының Медеу аудандық соты экс-қаржы министрі мен оның ұлының Ratel.kz интернет-порталын және Forbes.kz журналын сотқа берген талап-арызы бойынша шешім шығарып, жауапкерлерді 50 млн 200 мың теңге төлеуге міндеттелгені анықталды.