Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БАҚ "Яндекс.Кит" жобасы жабылғандығын хабарлады

БАҚ "Яндекс.Кит" жобасы жабылғандығын хабарлады

Android-тағы смартфондар мен планшеттерге арналған бір аттас қабықша құрастыратын  «Яндекс.Кит» жобасы жабылды. Бұл туралы "Яндекстегі" дереккөзіне сілтеме жасап ресейлік венчурлік нарықтағы онлайн-платформа RusBase хабарлайды.

"Яндекс.Кит" командасы таралды. Оның кейбір мүшелері компаниядан кетті, өзгелері басқа жобаларға ауысты делінген мақалада. Ал "Яндекстің" баспасөз-қызметі жобаның жабылғандығын жоққа шығарып отыр. "Біз "Яндекс.Кит" жобасын 2014 жылдың 19 ақпанында іске қостық. Өткен жылы "Яндекс. Китті" Explay, Huawei, Smarto, DEXP құрылғыларына орнату туралы келіссөздер жүргіздік. Әзірге бұл өнім белсенді түрде таралып жатқан жоқ, Google-дің қарама-қайшы әрекеттері де себеп. Қазір "Яндекс. Китте"  Smarto және DEXP-нің кейбір планшеттері сатылымға қалды", -деп мәлімдеді компания өкілі. RusBase-тің жазуынша, "Яндекс.Кит" командасын қайта құру оңтайландыруға қатысты тағы бір қадам болуы мүмкін. Осыған дейін сәуірде компания қызметкерлерінің 3 пайызы орнынан кетеді деп хабарланған еді. Қазір "Яндексте" Android өнімдерін одан әрі түрлендіретін Erica атты жаңа жоба құрастырылып жатыр. Erica-ның дамуына компанияның мобильді және бағдарламалық өнімдердің бағытын басқаратын Тигран Худавердян жауап береді. "Яндекс. Кит" қабықшасы Android платформасындағы смартфондар мен планшеттер үшін операциялық жүйе болып табылады. Оның бірден-бір ерекшілігі - Google-дің карта, браузер, іздеу жүйесі тәрізді кейбір сервистерін "Яндекс" сервистерімен алмастыра алуында. Еске салайық, осыған дейін РФ-ның Федералды монополия қызметі "Яндекстің" шағымы бойынша Google-ге қарсы іс қозғады. Құзырлы орган американдық компания ресейлік монополия заңнамасын бұзды деп айыптап отыр.

Похожие материалы