Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Байсерке ауылдық округінің тұрғындары «Шин-Лайн» жобаларына қолдау білдірді

Байсерке ауылдық округінің тұрғындары «Шин-Лайн» жобаларына қолдау білдірді

«Шин-Лайн» компаниясы өкілдері мен Байсерке ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық кеңесінің өкілдері кездесіп, азық-түлік пен балмұздақ өндіретін жаңа кешеннің аумағын абаттандыру жобасын талқылады.

Қоғамдық кеңес өкілдер мен Байсерке ауылы тұрғындары кешенді және оған іргелес аумақты абаттандыру бойынша жоспарларды қолдап, көптеген жергілікті тұрғындардың кәсіпорын құрылысында жұмыс істеп жатқанын және осы кешен іске қосылғаннан кейін өндірісте жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Бұрын кешен айналасы серуендеуге жарамсыз болғанын, жанында ешқандай тұрғын үй мен инфрақұрылымның болмағанын, бірақ абаттандыру жүргізіліп, аллеялар салынып, ағаш отырғызылса аудан балаларының бірқатар батыс елдердегідей балмұздақ зауытына экскурсияға алып келуге болатын жерге айналатына сенім білдірді.

Компания іргелес аумақтың дамуында өзінің әлеуметтік миссиясын көріп,  оны абаттандыру мен көгалдандырудың бастамашысы және инвесторы болды. Абаттандыру бойынша қоғамдық маңызы бар жоба аудан мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы болып табылады.

Барлық жұмыстар ресми ұйымдардың, оның ішінде «Қазавтожол»ЖШС мен «Облавтожол» ЖШС иелігіндегі учаскелерде меншік иелерінің, аудандар мен облыс әкімдерінің келісімі бойынша алынған рұқсаттары мен ұсынымдары негізінде жүргізіледі.

«Шин–Лайн» компаниясының инженер-экологы Динара Садықова «Шындығына келгенде, біздің кәсіпорнымыз қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдайды  жасап, кешенімізге келушілер үшін, атап айтқанда Іле ауданының жақын маңында тұратын ауыл тұрғындары үшін аумағымыздың   жайлы, көк және тартымды болуын қалайды. Ол үшін біз өз қаражатымызбен кәсіпорын жанында автобус аялдамаларын, кешен аумағы мен оған іргелес аумақта көлеңкелі аллеяларды салып, жарықтандырғыштар, субұрқақтар мен отырғыштарды орнатып, балаларға арналған ойын аймақтарын орналастыратын боламыз. Біз  жобамызды қолдаған Байсерке ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық кеңесімен кездескенімізге қуаныштымыз», - деді.

Жоба басталғанға дейін Алматы–Жетіген тас жолында салынып жатқан кәсіпорын бойындағы аумақ абаттандырылмай, жабдықталған көлік аялдамалары мен жол бойындағы жаяу жүргіншілер тротуарлары болмады және жарық  пен жасыл желектерге қызмет көрсетілмеді.

«Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-і берген рұқсатқа сәйкес, салынып жатқан өндірістік кешеннің шекаралары бойымен автомобиль жолының учаскесінде 112 ағаш ауыстырылды. «Шин-Лайн» компаниясы 10-1 масштабында өтемдік отырғызуды, яғни, алынып тасталған 1 ағаштың орнына  заң бойынша 10 жаңа ағаш отырғызуды жүзеге асырды.  Компания отырғызу бойынша жұмыстардың көп бөлігін қазірдің өзінде жүргізіп, бүгінгі күні 1 000 жапырақты ағаш отырғызып, енді күзде кәсіпорынға іргелес аумаққа 200-ден астам ағаш, соның ішінде бағалы қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызатын болады.

Байсерке ауылдық округінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Юрий Магай «Біз зауыт жоспарларымен таныспыз және оларды қолдаймыз. Құрылыс жүріп жатқан  кезде өтпелі кезеңдегі кез-келген өзгерістер ұнамауы мүмкін. Бірақ осының нәтижесінде зауыт пен жұмыс орындары, саябақ пен жаңа ағаштар пайда болып қана қоймай, «Шин-Лайн» осының бәріне қамқорлық жасап, абаттандыру бойынша мамандарды, бағбандар мен аула сыпырушыларын жалдайтын болады. Қазір мұнда тек лас жол , өтіп бара жатқандардың лақтырған қоқыстары  мен ешкім қарамайтын аумақ бар. Жақында арада осылардың барлығы жақсы жаққа өзгеріп, жаңа нәрселер пайда болған кезде жергілікті халық жақсы ниетпен қарайды деген үміттеміз және компания біздің аумаққа инвестиция салуы- ол біздің мүддеміз» -деді.

Похожие материалы