«Bank RBK» АҚ – теңгерімді даму көрсеткіштеріне ие қазақстандық әмбебап банк институты. Банк болашақта Қазақстан Республикасының орта банктері тобының көшбасшылар қатарында болуды жоспарлап, өз адами капиталын, инфрақұрылымын, ақпараттық технологиялары мен меншікті брендін дамытуға қомақты инвестициялар салыа жатыр.
Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттілігі Банкке контрагенттің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В-/С» несие рейтингтерін («Тұрақты» болжамы) және ұлттық шкала бойынша «kzBB-» рейтингін берді. 2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Bank RBK» АҚ активтері – 844,4 млрд теңгені, қарыз портфелі – 581,2 млрд теңгені, міндеттемелері – 781,1 млрд теңгені, өзіндік капиталы – 63,2 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың 9 айындағы пайдасы 3,8 млрд теңгені құрады. Бұл ретте Банк реттеушімен бекітілген барлық пруденциялық нормативтерді орындайды.
«Bank RBK» АҚ – Қазақстан қор биржасының, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасының серіктесі, «Агробизнес-2020» ауылшаруашылық кешені субъектілерін қаржылық сауықтандыру бағдарламасын іске асыру аясында «НУХ «ҚазАгро» АҚ серіктесі, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және Қазақстан Рсепубликасының индустриалды- инновациялық дамыту бағдарламасы аясында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ серіктесі, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ серіктесі, Дүниежүзілік банк аралық қаржы телекоммуникациялар қоғамдастығының (SWIFT) серіктесі, сондай - ақ Visa International принципалды қатысушысы. Банк кеңселері Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей және Екібастұз қалаларында қызмет атқарады.
«Дирекция по управлению имуществом «Фонд-Инвест» ЖШС және «SBS Group» қазақстандық өндіруші кәсіпорындар мен тау-кен өндірісі компаниялары тобының басшысы Фарид Люхудзяев– «Bank RBK» АҚ ірі қатысушылары (акционері) болып табылады. Сонымен қатар Банк акционерлерінің қатарына Динмухамет Идрисов, Кайрат Шарипбаев сиякты отандық танымал кәсіпкелерлер кіреді.