Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz - Банк ЦентрКредит акционерлеріне дивиденттер төлемейтін болды деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Бұл туралы банк акционерлерінің 27 сәуірде өткен жалпы жылдық жиналысында белгілі болды. Осылайша, 2017 жылдағы қарапайым акциялардың дивиденттері төленбейді.
Сондай-ақ, Банк ЦентрКредиттің былтырғы 30,3 мрлд таза табысы банктің резервті капиталы құрамында қалады.