Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Банк ЦентрКредит" АҚ туралы

"Банк ЦентрКредит" АҚ туралы

"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады.

Банктің акционерлері: KOOKMIN BANK (KB) – активтерінің көлемі мен нарықтық шоғырлануы бойынша Оңтүстік Кореядағы ең ірі банктердің бірі. КВ-дің банк капиталындағы үлесі 41.9%-ды құрайды. Халықаралық рейтингтері: S&P A, Moody’s A1, Fitch A

INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION (Халықаралық қаржы корпорациясы, IFC) –– дүниежүзілік банктің құрылымына енетін корпорация, дамушы нарықтардағы жеке секторды қолдауға бағытталған ең ірі жаһандық даму институты болып табылады. IFC-дің банк капиталындағы үлесі 10%-ды құрайды. Халықаралық рейтингтері: S&P AAA, Moody’s AAA

Банктің директорлар кеңесінің төрағасы әрі негізгі акционері Бақытбек Байсейітовтың банк капиталындағы үлесі 25,6%-ды құрайды.

Банктің Республика бойынша кең тараған өзіндік филиалдық желісі бар, 100-ден астам филиалдар мен бөлімшелерде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі. Банктің корреспонденттік желісіне 40-қа жуық шетелдік банк кіреді.

ЦКБ – кәсіпкерлікті қолдайтын барлық дерлік мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ЦКБ "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2014 жылы несиелерді субсидиялау бойынша үздік банк" атағына ие болды. Сонымен қатар ЦКБ "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасының аясында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-тың қол қойылған кепілдік шарттарының саны бойынша көшбасшы болып табылады.

Похожие материалы