2015 жылғы 31 желтоқсанда "Банк ВТБ" жабық акционерлік қоғамы "Банк ВТБ Қазақстанға" 1 5 млрд рубль көлемінде тәртіптелген кредит ұсынды. Ол қоғамның меншікті капиталының 26,42%-ын құрады, деп хабарлайды банктің ресми сайты.
Осылайша, ВТБ-ның қазақстандағы еншілес ұйымын қайта капиталдандыру процесі аяқталды. Қазіргі сәтте банктің меншікті реттеуші капиталы 30 млрд астам теңгені құрайды.
"Біз "Банк ВТБ Қазақстанды" қайта капиталдандыру процесін аяқтадық. Бас компанияның құюының арқасында банктің жиынтық капиталы 40 млн долларға өсті. Бұл қадамдар "Банк ВТБ" ЖАҚ тарапынан еншілес қоғамды қолдау бағдарламасымен және қазақстан нарығында қатысу мүддесін кеңейтумен байланысты болып отыр. Тәртіптелген қарыз аясында алынған қаражат меншікті реттеуіш капиталды ұлғайтуға және бизнесті дамытуға бағытталатын болады", - деп түсіндірді банктің басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.
Бұдан бұрын "Банк ВТБ ЖАҚ" "Банк ВТБ Қазақстанның" жалғыз акционері Қазақстандағы еншілес ұйымын 7,3 млрд теңге (24 млн доллар) көлемінде қайта капиталдандырған еді.
Фото: nb.kz