Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банкнотта бейнеленген әйелдер

Банкнотта бейнеленген әйелдер

АҚШ қаржы министрлігі жақында 20 долларлық купюраға Гарриет Табменнің бейнесі салынады деп хабарлады. Ол кім десеңіз - құл иеленушілікке қарсы шыққан қара нәсілді әйел. Сондай-ақ, әйелдерге сайлау құқығын беруге арналған көтеріліс қатысушыларына 10 долларлық купюраны арнамақ. Негізі әйелдер бейнелегенген купюра көп емес. Ер адамдардың суретін жиі кездестіреміз. Ендеше ақшада көрініс тапқан әйелдер кімдер? 7kun.kz купюраларда бейнеленген 7 әйелді тізіп шықты.

preview_ece65c9384b13fc2a03d7665be93c054

10 шекель. Бұл банкнотта 1969-1974 жылдары Израиль премьер-министрі болған Голда Меир бейнеленген. Ол үкімет басында отырған кезде араб мемлекеттері коалициясына қарсы соғыс жүріп жатқан еді. Соғыс 18 күнге созылып, жеңіс Израильдің жағында болды. Бүгінде бұл қағаз ақша айналымда жоқ. Есесіне 10 шекельдік тиындар бар.

preview_b4202c4f1841d0fddd027b17f5ec17ae

2010 жылдан бері айналымда жүрген 500 мексика песосы. Банкнотта мексика мәдениеті мен өнерін насихаттаған суретші Фрида Кало бейнеленген. Жолдасы да суретші, белгілі тұлға Диего Ривера. Екеуінің коммунистік көзқарастары да тоғысатын.

preview_072885a86175d443e170a05a24024d53

Былтыр, 2015 жылы айналымға енгізілген жаңазеландиялық 10 доллар. Бұл банкнотта әйелердің құқықтық және экономикалық тәуелсіздігі үшін күрескен Кейт Шеппард бейнеленген. Кейттің арқасында 1893 жылы Жаңа Зеландия жалпыға ортақ сайлау құқығын берген алғашқы ел атанды.

preview_2280b402a95cc9c66f82220b48ffe0f6

2006 жылы шыққан 50 швед кроны. XIX ғасырдың атақты опера әншісі Йенни Линд бейнеленген. Оны тіпті "швед бұлбұлы" деп айтатын. Ганс Христина Андерсен былай деген екен: «Оның ән салғанын естігенде, тәртіпті адам болмасқа амалың қалмайды». Қайырымдылықпен айналысып, Швецияда мектептерге қолдау көрсету қорын құрған.

preview_56269295ca8c367d661bb916b30b5045

Келесі жылы бұл банкноттың дизайны өзгереді. Мына нұсқа 1999 жылдан бері шығарылып келген 500 норвегиялық крон. 1928 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген жазушы Сигрид Унсет бейнеленген. Өз шығармаларында Унсет Норвегияның тарихын, ХХ ғасырдың психологиялық және философиялық мәселелеріне көтерген. Нобель сыйлығынан түскен қаражатты дарынды балаларды, жас қаламгерлерді қолдауға және кедейлер оқитын мектепке көмек ретінде жұмсаған.

preview_c8efa2df3ee6249c36ddc8e8f094935c

1886 жылы шығарылған 1 доллар. АҚШ-тың алғашқы ханымы Марта Вашингтонның бейнесі салынған. Тәуелсіздік үшін күрес кезінде жолдасы Джордж Вашингтонға үнемі қолдау білдірген. Бірақ сайлауға түсуіне қарсы болған. Банкнотада бейнелеген тұңғыш америкалық әйел.

preview_0ab90fdd8c8e0686d74ca3ec0b57a3ee

Еуро енгізілгенге дейін қолданыста болған 1 литва литі. Бұл банкнотта литвалық жазушы Юлия Жемайте бейнеленген. Көптеген комедиялардың, монологтар, очерктер, фельетондар мен публицистикалық мақалалардың авторы. Өз шығармашылығында XIX-ХХ ғасырлардағы литва өмірі жайлы қалам тартқан. 1971 жылы Вильнюсте оған арнап ескерткіш қойылған.

Похожие материалы