Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банкроттықты рәсімдеудің әдістері ұсынылды

Банкроттықты рәсімдеудің әдістері ұсынылды

Астана. 1 желтоқсан. 7kun.kz – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасында банкроттықты рәсімдеудің үш түрлі әдісі ұсынылды. Оның бірі соттан тыс банкроттық рәсім, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, қазір соттан тыс банкроттық рәсімге өтініш берудің шарттары қаралуда. Олар:

«Банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 4,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспаса; ресми кірісі жоқ немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыс – 36 018 теңге болса. Бұл жағдайда борышкердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет», – деді Біржанов.

Оның сөзінше соттан тыс банкроттық рәсім тек банктер, микро қаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылуы мүмкін. Қазір азаматтардың басым көпшілігінде кепілсіз, тұтынушылық несие болғандықтан, несиесі бар адамдардың 96%-осы санатқа түсуі мүмкін.

«Алайда соттан тыс банкроттықты қолданудың бірқатар салдары бар: борышкерге несие алу, кепілдіктер беру бойынша мәмілелерді жасауға тыйым салынады; берешекті өндіріп алу туралы сот шешімдерінің орындалуы тоқтатылды; тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және сыйақыны есептеу тоқтатылады; Сондай-ақ, кредиторлар борышкерден міндеттемелерді орындауын талап ете алмайды. Борыштық міндеттемелер мерзімі өткен болып саналады», – деді вице-министр.

Соттан тыс банкроттық «Электрондық үкімет» веб-порталымен байланысты болады. Барлық азаматтардың сайт арқылы арыз беруі негізінде мәлімет алынып, керекті мемлекеттік органдар сараптама жүргізеді. Содан кейін қорытындысы шығарылып, Кірістер комитетіне жолданады. Барлық мемлекеттік органдардан ақпарат алғаннан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті қорытынды шешім қабылдайды.

Похожие материалы