Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев банк активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдеді.
«Қаржы секторын дамыту бойынша Ұлттық банктің өтініші бойынша заңнамаға тиісті түзетулер енгіздік. Енді осы заң бойынша жұмыс істеу керек. Барлық банктердің активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуге тура келеді. Жақында үш банктің лицензиясының күшін жойды және дұрыс жасады», - деді Н.Назарбаев Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.