Экономика
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі қызметіне келді
Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіні
Twitter желісіндегі парақшасында.
"Н.Назарбаев Алматы қаласының әкіміне қызметіне Бауыржан Байбекті бекітті", - делінген хабарламада.
Бауыржан Байбек - 1974 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гете институттын (Бремен қаласы, 1995) "Неміс тілі"; "Болашақ" бағдарламасы бойынша Любек қаласындағы Жоғары мектепті (ГФР, 1998) педагог; Орталық Азия университетін (2002) халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.
"Нұр Отан" ХДП мүшесі (2002 жылдан). 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті , атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы). 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы. 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі, 2004 жылдан - бас инспекторы, 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі. 2009 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
ҚР Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы кеңесінің (2008 жылдан); Қазақ гуманитарлық заң университеті Қамқорлық кеңесінің (2010 жылдан) төрағасы.
Естеріңізге сала кетсек, ОҚО бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындалғанын
хабарлаған болантынбыз.
Ал, Алматы қаласының экс-әкімі Ахметжан Есімов "АСТАНА ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ басқарма төрағасы етіп
бекітілді.