Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК қаржылық-экономикалық қызметі (курстық жұмыс)

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК қаржылық-экономикалық қызметі (курстық жұмыс)

Экономистер мен басқарушылар – бұл  әр түрлі  экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.

Өндірістік тәжірибенің шешілген мәселелері:

- нарықтық қатынсатарда қызмет ету шартында кәсіпорындағы экономикалық жұмыстардың қағидалары мен әдістерін терең үйрену және зерттеу;

- студенттердің мамандық бойынша жұмыстар үшін тәжірибелік білімдерді меңгеруі;

- басқару жолдары мен әдістерін зерттеу, өндіріс тиімділігін және кәсіпорын жұмысының сапасын арттыруға әсерін зерттеу;

- өндірісті жоспарлау мен басқаруды ұйымдастыру тәжірибесімен танысу;

- негізгі өндірістік-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерді және статистикалық мәліметтерді өңдеу, талдау;

- талдау және жоспарлаудың алдыңғы әдістерінің негізгілері болып табылатын кейбір есептерді өз бетінше орындау;

- жеке бөлімдердің тәжірибелік жұмыстарына белсенді қатысу.

Диплом алдындағы тәжірибе орны болып «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативі табылады.

  1. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК сипаттамасы

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК қызметін Мичурин атындағы ұжымшарының мүшелерінің инициативасы негізінде олардың пайларын біріктіру нәтижесінде құрылған.Кооператив заңды тұлға болып табылады және өз қызметін жарғы және 05.10.1995ж.Өндірістік кооперативтер туралы заң күші бар ҚРпрезидентінің жарлығы азаматтық кодекс негізінде жүргізеді.

Кооперативтің қызмет етуінің мақсаты өндірістің табыс табу және оны даму үшін,кооперативтің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін оның мүшелерін ің иелігіне негізінде пайдалану.

Кооперативтің қызметі:

- ауылшаруашылық өнімдерінің және т.б. өнім өндіру;

- кәсіпорындар,ұйымдар мен азаматтарға қызмет көрсету;

- өз бетінше сыртқы экономикалық қызмет көрсету;

- ҚР заңында рұқсат етілген коммерциялық,делдалдық және т.б. қызметтер жүргізу.

Кооператив мүшелері:

- құрылу негізінен жұмыс істеп кележатқан Мичурин атындағы ұжымшардың барлық тұрақты мүшелері;

- шаруашылықта алдында жұмыс істеген зейнеткерлер;

- ұжымшардағы уақытша кеткен(әскерге қызмет ету,оқуға кету)мүшелері.

Мұліктік жарналары келесі түрде болуы мүмкін:

- ақшалай;

- бағалы қағаздар түрінде;

- мұліктік құқықтар,соның ішінде жерді пайдалану.

Кооператив мүшелерінің құқықтары:

- кооператив жұмысын басқаруға қатысу;

-кооперативтің басқару органдарына сайлауғақатысуға,кәсіпорын қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар беруіне және кемшіліктерді жою бойынша өз пікірлерін айтуға;

- кооператив қызметі жөнінде толық ақпарат алуға;

- таза табыстың бөлінуіне қатысуға,өз ұлесін алуға;

- кооперативтегі өз еңбегі үшін еңбекақы алуға,жеңілдіктерді пайдалануға;

-демалуға;

- әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік сақтандыруға;

- кооперативтен белгіленген тәртіпте шығуына құқылы.

Кооператив мүшелерінің міндеттері:

- кооперативтің құрылтайшы құжаттарында қарастырылған талаптарды сақтауға;

- кооперативтің сайланған басқару органдарының жалпы жиналысынын,шешімін орындау;

- кооператив қызметіндегі еңбекке жеке қатысуды жүзеге асыру;

- өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға міндетті.

  1. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның қызметін басқару

Кооперативті  басқару органдыру болып табылады.:

-өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы,немесе өкіметті тұлғалардың жиналасы;

- Ревизиялық комиссия;

- бақылау кеңесі.

Кооперативтің атқарушы органы болып басқарма табылады.

Қаржылық кызметті бақылауды жүзеге асыру  үшін кооперативтің мүшелеренің 5 адамнан  құралған 5 жылға арналған Ревизиялық комиссия құрылған.

Кооперативтің мүшелерінің құрылу көздері болып келесілер табылады:

- кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары;

- оның қның қызметінен алынған табыстар;

- заңмен рұқсат етілген басқа да табыс көздері.

Кооперативтің жарғылық капиталдың мөлшері (арнайы қорлар есебінен)111918м.тг. құрайды.

Резервтік қор 5% мөлшерінде -3300м.тг. құрылған және таза табыстан жыл сайынғы аударымдар 10%мөлшерінде.

Резервтік қор өндірістік-шаруашылық қызметінен болатын зиянның орнын толтыруға бағытталады.

Таза табыс жыл бойындағы қорытындылармен анықталады.

  1. 3. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау

1-кесте «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның техника–экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Жылдары Ауытқулар
2004 2005 +/- %
1 Өндірілген өнім көлемі мың. тг. 65082 57296 -7786 -11,9
2  Өнімді өткізуден түскен түсім мың. тг. 544463    49444  -5019 -9,2
3 Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың. тг.     52243    46480  -5763 -11,0
4 Жиынтық табыс мың. тг.      2220 2964 744 33,5
5 Кезең шығындары мың. тг.       1480 2154 674 45,5
1. Таза табыс мың. тг.     666 729 63 9,5
2. Өндіріс рентабельділігі %    1,02 1,27 0,25 24,7
3. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі % 193,69 171,54 -22,15 -11,43
4. Жұмысшылырдың саны адам 336 334 -2 -0,5
5. Өндірістегі негізгі құралдардың орт. жылдық құны. тг 97,75 78,25 -19,5 19,9
6. Еңбекақы қоры жұмыс істеген 17266 17653 387 2,24
7. Адам -күн саны 74928 72344 -2584 -3,45

Өнімді өткізуден өткізуден түскен түсім: әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте мағызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізіуден түскен табыс 2003 жылға қарағанда, 2004 жылы 42444 теңге болып,5019–теңгеге кеміді немесе 9,2%.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны.  Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2003 жылы, 2004 жылға қарағанда 5763 тгеңгеге кеміді немесе 11% деп айтсақ болады.

Жиынтық табыс. Жиынтық табыстың соммасы 2003 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 744 теңгеге өсті яғни 33,5 %.

Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 674 теңгеге өсті немесе 45,5 пайызды құрады.

Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2004 жылы таза табыс -9,5 пайызға өскен немесе -63м, теңге деп айтсақ болады.

Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісіннің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельділігі 24,7 пайызға өскен.

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі. Өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2004 жылы -22,15 тенгеге кеміген.

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 78,25м, тенгені құрап, 19,5 тенгеге қысқарды.

  1. Кәсіпорынның кадрлық саясаты.

Кәсіпорында 2002 ж. барлық қызметкерлердің тізімдік саны 336 адам, оның ішінде 125-і әйелдер. Қызметкерлердің нақты саны 248 адам, соның ішінде әйелдер – 125 адам, 2003 ж. барлық қызметкерлердің тізімдік саны 336 адам, оның ішінде 125-і әйелдер, нақты саны 205 адам, соның ішінде 98-і әйелдер, яғни 2003 ж. 43 адамға, соның ішінде әйелдер 27 адамға қысқарған. (2 - кесте)

Қызметкерлердің жалақы қоры 2002 ж. барлығы 16624  мың тенге, соның ішінде әйелдердікі-6577 мың тг., ал 2003 ж. 17746 мың тг., соның ішінде әйелдердікі -7539 мың тг., орташа айлық жалақы 2002 ж. балығы 5586 тг., соның ішінде әйелдердікі -4384 тг., 2003 ж. 7213 тг, с.і. әйелдердікі-6410 тг., яғни 2003 ж. 1627 тг-ге, ал әйелдердікі – 2026 тг-ге өскен. (3-кесте)

Кәсіпорында білісксіз жұмысшылар саны 2002 ж. 143 , с.і. әйелдер бойынша 106 адам,  ал 2003 ж.  барлығы 111 адам, соның ішінде әйелдер – 80 адам, яғни 2003 ж.  барлығы 37 адамға азайса, әйелдер – 26 адамға қысқарған.

Барлық деңгейдегі басшылардың нақты саны 2002 ж. 16 адам болса, 2003 ж. 18 адам, яғни 2 адамға өскен. Олардың жалақы қоры 2002 ж. -1716 мың тенге болса, 2003 ж. – 2476 мың тенге, яғни 760 мың тенгеге артқан.

Жалпы өндірістік кооперативте жұмысшыларды саны 2002 ж. 205 адам болса, 2003 ж. – 160 адам болған, ал қызметшілер 2002 ж. – 43 адам болса, 2003 ж. – 45 адам болған.

2-кесте. Өндірістік кооперативтегі қызметкердің санына талдау

Көрсеткіштердің атауы 2002 ж. 2003 ж. Ауытқу (+,-)
Қызметкер-ң тізімдік саны Нақты саны Қызметкер-ң тізімдік саны Нақты саны Нақты саны
барлығы с.і. әйелдер барлығы с.і. әйелдер барлығы с.і. әйелдер барлығы с.і. әйелдер барлығы с.і. әйелдер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Ұйым бойынша барлығы: 336 125 248 125 336 125 205 98 -43 -27
Барлық деңгейдегі басшылар 18 - 16- 18 - 18 - 2 -
Жоғары деңгейдегі білікті мамандар 11 - 11 - 11 - 11 - - -
Орта деңгейдегі білікті мамандар 6 4 5 4 6 4 5 3 - -1
Ақпарат әзірлеумен, құжат рәсімдеумен шұғылданатын қызметкерлер 11 11 11 11 11 11 11 11 - -
Ауыл, орман, аңшылық, балық өсіру және т.б. шаруаш-ң білікті қызметкерлері 45 - 45 - 45 - 32 - -7 -
Ірі және шағын өнеркәсіп ұйымдарының, көркем кәсіпшіліктің, құрылыстың, көліктің т.б. білікті жұмысшылар 17 4 17 4 17 4 17 4 - -
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Кооператив жұмысшылары 203 96 138 96 203 96 95 59 -43 -37
Біліксіз жұмысшылар 228 106 143 106 228 106 111 80 -32 -26
Мал шаруаш. Жұмысшылар 106 25 83 25 106 25 83 25 - -
Құрылыс бригадасы 10 - 10 - 10 - 10 - - -
Кірпіш бригадасы 17 4 17 4 17 4 17 4 - -

3-кесте. Өндірістік кооперативтегі қызметкерлердің жалақы қорына  талдау жасау

Көрсеткіштердің атауы 2002 ж. 2003 ж Ауытқу (+,-)
Жалақы қоры Жалақы қоры Нақты саны
барлығы барлығы барлығы с.і. әйелдер барлығы с.і. әйелдер
1 2 3 4 5 6 7
Ұйым бойынша барлығы: 16624 6577 17746 7539 +1124 +962
Барлық деңгейдегі басшылар 1716 - 2476 - +760 -
Жоғары деңгейдегі білікті мамандар 1004 - 1640 - +636 -
Орта деңгейдегі білікті мамандар 400 321 510 324 +110 +3
Ақпарат әзірлеумен, құжат рәсімдеумен шұғылданатын қызметкерлер 590 590 792 792 +202 +202
Ауыл, орман, аңшылық, балық өсіру және т.б. шаруаш-ң білікті қызметкерлері 2409 - 2415 - +6 -
Ірі және шағын өнеркәсіп ұйымдарының, көркем кәсіпшіліктің, құрылыстың, көліктің т.б. білікті жұмысшылар 1100 258 1520 384 +420   +126
Кооператив жұмысшылары 9498 6840 7964 4840 -1534 -200
Біліксіз жұмысшылар 9405 5408 8393 6039 -1012 +631  
Мал шаруаш. Жұмысшылар 5440 1760 7320 2315 +1880 +555
Құрылыс бригадасы 586 - 942 - +356 -
Кірпіш бригадасы 1100 258 1520 384 +420 +126
  1. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның қаржылық-экономикалық қызметін талдау

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -ның 2003-20054 ж.бухгалтерлік балансын, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебін және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәліметтерін (қосымша 1-6) негізге ала отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргіземіз.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау - кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Баланс мәліметтері бойынша  активтердің құрамы мен олардың тоқтатылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кестені құрамыз.

Кесте -  4 2003-2004 ж «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

Көрсеткіштер 2003ж. 2004ж Жыл бойындағы өзгеріс (+;-) Құрылымы ның өзге-руі
Сома-сы, мың. тг Үлес сал- мағы,% Сома-сы, мың. тг Үлес сал- мағы,% Мың тг (5б/ 1б х 100) (4б-2б)
А Б. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.
1 Активтер құны, барлығы соның ішінде 94599 100 83205 100 -11394 -12,0 х
1.1. Ұзақ мерзімді активтер: 70082 74,1 55872 67,1 -14210 -20,3 -6,95
а) негізгі құралдар 67740 96,7 52530 94,0 -15210 -22,5 -2,7
ә) қаржылық салымдар 1718 2,5 2718 4,9 +1000 +58,2 +2,4
б) аяқталмаған өндіріс 624 0,89 624 1,12 - - +0,23
1.2. Ағымдағы активтер: 24517 25,9 27333 32,9 +2816 +11,5 +7,0
а)Тауарлы-материалдық қорлар 16960 69,2 17535 64,2 +575 +3,4 -5
ә)тауарлар 3104 13,0 2796 10,2 -398 -12,5 -2,8
2 Кәсіпорын-ның өндірістік потенциалы-ның құны 87894 92,9 72861 87,6 -15033 -17,1 -5,3

4-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы -11394 теңгеге немесе 12 %-ке кемігенін көруге болады. Бұл «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

«Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК -да өндірістік потенциал құны 2003  жыл басында 87894 мың теңгені, 2004 жыл соңында - 72861 мың теңгені құрады, яғни 15033 мың теңгеге немесе 17,1 %-ға өсті. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2003 жылы 5,3 пунктке кемігенімен 2004 жылы 50,13 % құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.

Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенттері. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты. Кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.

Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш  - бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коффициенті. Бұл кәсіпорында негізгі құралдардың тозу коэффициенті :

жыл басында – 0,35 = (24517 :70082);

жыл соңында – 0,49 = (27333:55872) құрайды, яғни 0,14 пунктке өскен. Бұл негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуын айтпай-ақ, олардың 2/3-ден көбі табиғи (физикалық) тозғандығын және ескіргендігін көрсетеді.

Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.

Дебиторлық борыштың өтімділік және сапалық көрсеткіштерін зерттеу маңызды болып табылады.

Сапа дегеніміз - бұл осы қарызды толығымен қайтарып алу ықтималдығы, ол қарыздың қалыптасу мерзіміне байланысты болады. Дебиторлық борыштың мөлшерлі мезгілін сипаттау үшін оларды пайда болу мерзімі бойынша топтастыру керек.

Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Нарық  қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады.  Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі  өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары , яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш әр түрлі атпен берілуі мүмкін,(тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті) бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мкк             ( 1)

мұндағы: Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;

 Мк- меншікті капитал;

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екенін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

Қаржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеуді келесідей кесте- түрінде көрсетуге болады.

Төменде келтірілген 5-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 11394 мың теңгеге немесе 12 %- кемігені көрініп тұр. Бұл кему 2004 ж. 83205 мың теңге болған, яғни 2003жылдағы  мөлшермен салыстырғанда 1,2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,48-ден  -0,89-ға дейін немесе -1,37 пунктке төмендеген. Алайда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді.

Кесте  - 5   «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК 2003– 2004жж. жағдайы негізінде авансталған капиталының құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер 2003ж 2004ж Жыл бойындағы өзгеріс (+;-) Құрылымының өзге-руі (4б-2б)
Сома-сы, мың. Тг Үлес сал- мағы,% Сома-сы, мың. Тг Үлес сал- мағы,% Мың тг (3б-1б) % (5б/1б х100)
А Б. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.
1 Авансталған капитал, соның ішінде 94599 100 83205 100 -11394 -12,0 х
1.1.Меншіктік капитал 75727 80,05 66618 80,06 -9109 -12,0 +0,01
1.2.Қарыздық капитал, соның ішінде 18872 19,9 16587 19,9 -2285 -12,1 -
2 Тәуелсіздік коэффициенті (1.1. жол :1 жол)       х 0,80 х  0,80 х х -
3 Қаржыланды ру коэффициенті (1 :1.2.жол) х 4,01 х 4,02 х х +0,01
4 Қатыстырыл. капиталдың меншіктік капиталға қа тынас коэф-і х 0,249 х 0,249 х х -

Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынғанкапиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формуламен аныталады:

Кт = Қк : Ак         немесе        Кт  = 1 - Кт.с.              (2)

мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;

Қк - қатыстырылған капитал;

 Ак  - авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);

 Кт.с - тәуелсіздік коэффициенті.

Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы  қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.

Бұл көрсеткіш біршама өскенімен, талданып отырған кезде кәсіпорын өзінің қаржылық тәуелсіздігін жоғалтты деп айтуға болмайды. Жылдың басында және аяғында тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылғанкапиталға қатынасын көрсететін коэффициент қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол келесі формуламен анықталады:

Кк = Мк : Қк                (3)

мұндағы: Кк - қаржыландыру коэффициенті;

Мк - меншікті капитал;

Қк - қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.

Бұл есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншікті қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 1 теңге 33 тиынын тартқанын көрсетеді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 4 теңгеге дейін көбейген. Демек, кәсіпорын қарыз қаражаттарын   пайдалануға көп күш жұмсаған, бірақ өзінің қаржылық тұрақтылығын жоғалтпаған.

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипатайтынең маңызды көрсеткіштерінің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқ.т. =                 (4)

мұндағы: Кқ.т. - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;

Ұм - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Ак - авансталған капитал;

Мк - меншікті капитал.

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын  капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады:

Кұ/м=     (5)

мұндағы: Кұ/м- қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;

Мк- меншікті капитал;

УМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициенті де анықталады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. ".

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады.  Меншікті, қарыз (қатыстырылған) және жалпы (авансталған) капиталдың қатынасын әр түрлі тұрғыдан сипаттайтын коэффициенттермен қалыптасқан жағдай, меншікті және қатыстырылған капиталдың (міндеттемелердің) құрылымын және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістерін зерттеуді қажет етеді.

Меншікті капиталды талдау.Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналған: жарғылық капитал, резервті қор, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер), жалгерлік міндеттемелер, баланс пассивінің 1 бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, күмәнді қарыздар бойынша резервтер, 1997 жылы құрылған баланс пассивінің 2 бөлімінде көрсетілген алдағы кезең табыстары. БЕС-2 сәйкес 1998 жылдың балансында меншікті капиталға жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервті капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерін сипаттайтын 3 негізгі көрсеткіш анықталады:

  1. Меншікті айналым капиталының бар болуы (Ма.к). Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен (баланс пассивінің 1 бөлімі) ұзақ мерзімді активтердің (баланс активінің 1 бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол меншікті айналым қаражаттарын сипаттайды. Құрылысына қарай меншікті айналым капиталының бар болуы келесі формуламен анықталады:

Ма.к.  = Мк - Ұа = 1бП - 1бА              (6.)

мұндағы:Мк - меншікті капитал;

Ұа   - ұзақ мерзімді актив;

1бП - баланс пассивінің 1 бөлімі;

 1бА- баланс активінің 1 бөлімі.

Мак көрсеткішті бірқатар маңызды талдау коэффициенті есептеп табу үшін пайдаланылады: кәсіпорынның ағымдағы активтерді жабы коэффициенті (бұл көрсеткіштің нормативті мәні 0,1-ден төмен болмауы керек), тауарлы материалдық қорларды жабу коэффициенті (бұл көрсеткіштің мәні - 0,6-дан төмен емес) және т.б.

  1. Тауарлы- материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы (Ма.к./ұз).бұл көрсеткіш келесі формуламен анықталады:

Мак/ұз  = Ма.к. + Ұз м = Мак + Пб2          (7)

мұндағы:

 Ұз м - ұзақ мерзімді міндеттемелер;

Мак - меншікті айналым капиталы;

 Пб2-баланс пассивінің 2 бөлімі.

  1. Тауарлы-материалдық қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасын қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:

НК = Мак/ұз + Қнқ           (8)

мұндағы: НК-негізгі көздер;

 Қнқ- қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

Тауарлы-материалдық қордың бар болуының үш көрсеткішіне тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің 3 көрсеткішіне сәйкес келеді:

  • Меншікті айналым капиталының (Ма.к) артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-). Ол келесі формуламен анықталады:

Ма.к. = Ма.к. - ҚШ        (9)

 мұндағы:

ҚШ-тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар.

  • Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптастыру көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) келесі формуламен анықталады:

 Мак/ұз = Мак/ұз - КШ      (10)

  • Қорлардың негізгі қалыптасу көздерінің (НК) жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) келесі формуламен анықталады:

 НК = НК  - КШ         (11)

Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі 4 типке бөлуге болады:

  • қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы;
  • қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы;
  • тұрақсыз қаржылық жағдайы;
  • дағдарысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы мына теңсіздікпен сипатталатын уақытта қалыптасады:

ҚШ  < Мак    немесе Мак   > ҚШ        (12)

Бұл теңсіздік тауарлы-материалдық қорлар меншікті айналым капиталымен жабылатынын көрсетеді, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз болады.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығ мына теңсіздікпен сипатталады: Мак/ұз <  ҚШ <НК                (13)

Бұл келтірілген қатынас тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды жабу үшін "қалыпты"- меншікті және қатыстырылған қаражат көздерін пайдаланып жатқан жағдайға сәйкес келеді.

Тұрақсы қаржылық және қалыптасқан жағдай келесі теңсіздікпен сипатталды:

ҚШ > НК немесе НК<ҚШ     (14)

Бұл қатынас кәсіпорын өзінің тауарлы-материалдық қорларының бір бөлігін жабу үшін "қалыпты емес" болып, яғни негізделмеген болып саналатын қосымша жабу көздерін тартуға баруына тура келетін жағдайға сәйкес келеді.

Кәсіпорындарда қалыптасқан қаржылық жағдайды басқаша да жіктеуге болады:

  • қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы орташа кәсіпорындар;
  • қаржылық жағдайы нашар кәсіпоындар;
  • банкрот кәсіпорын.

Баланс өтімділігін талдау. Баланс өтімділігін талдау алдында жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады.Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады,  - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер.Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтері жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 2 бөлімінің "тауарлы-материалдық қорлар" бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі "Ұзақ мерзімді инвестициялар" (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салымдар мөлшеріне азайтылған ) бабы.

А4.Қиын өткізілетін актвитер- баланс активінің 1 бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. 1 бөлім жиынынан "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар" бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.  Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімде несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімде несиелер мен заемдар.

П4. Тұарқты міндеттемелер - пассивтің 1 бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

А1> П1;

А22 ;

А33 ;

А44 ;

Егер активтің алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

«KazBestProduct» АҚ  балансының топтастырылған баптары 3 -кестеде көрсетілген.

Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

Кжө =    (15)

мұндағы: Кжө-жалпы өтімділік коэффициенті;

а12,а3 - салмақтық коэффициенттер;

А мен П- актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары.

Өтімділіктің жалпы көрсеткішінің берілетін түрі:

Кжө =       (16)

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорнның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайының өзгерістеріне жалпы баға беріледі.

Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз етілуі келесі 3-кестеде көрсетілген.

Кесте -  6 Тауарлы-материалдық қорлардың оларды қалыптастырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі 2002 жылдың басы мен соңындағы жағдай бойынша «Қ.Әбдіғұлов» ат-ғы ӨК (артықшылығы (+); жетіспеушілік (-))

Көрсеткіштер Символдары 2003 жыл 2004 жыл жыл бойғы өзгерістер (+;-)
1. Меншікті капитал Мк 75727 66618 -9109
2. Ұзақ мерзімді активтер Ұза 70082 55872 -14210
3. Меншікті айналым капиталының бар болуы (1жол-2жол) Ма.к. 5655 10746 +5091
4. Ұзақ мерзімді  міндеттемелер Ұз м 9251 7751 -1500
5. Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің бар болуы (3 жол + 4 жол) Мак/ұз 14906 18497 +6591
6. Қысқа мерзімді несеиелер мен қарыздар Қн - - -
7. Тауарлы - материалдық қорлардың қалыпты (негізгі) қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері (5жол+6 жол) НК 14906 18497 +3591
8. Тауарлы-материалдық қорлар Қ 20154 20331 +177
9. Өзіндік айналым капиталының артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (3жол-8жол) Мак -14499 -9585 -24084
10 Тауарлы-материалдық қорлардың меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (5 жол - 8 жол) Мак/ұз -5248 -1834 -7082
11 Тауарлы-материалдық қорлардың қалыпты негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшерінің артықтығы (+) немесе жетіспеушілігі (-) (7 жол-8 жол) НК -5248 -1834 -7082

Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша 4 типке бөлуге мүмкіндік береді:

  • қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы (ҚШ< Мак > ҚШ);
  • қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы (Мак < ҚШ < НК);
  • тұрақсыз қаржылық жағдайы (ҚШ >НК немесе НК<ҚШ);
  • дағдарысты (қауіпті қаржылық) жағдайы .

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің жарғысы
  2. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің қаржылық есеп формалары
  3. Закон РК «О предприятиях в Республике Казахстан» с изменениями и дополнениями на 01.01.2002г.
  4. Стандарты бухгалтерского учета РК. – А. 2001г.
  5. Аудит и анализ финансовой отчетности, под редакцией Дюсембаева К.Ш., А. 1999г.
  6. Контроль качества продукции: Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 2001г.
  7. Управление издержками организации. / учебник под ред. Кибанова А.Я. М.: «Инфра-М», 1997г.
  8. Издержки промышленной продукции по двум категориям качества: Методические документы. – М. Издательства стандартов, 2001г.
  9. Котляров С.А. Управление затратами. – СПб: Питер, 2001г.
  10. Экономика предприятия // под. ред. проф. Сафронова – М.: Юрист, 2002г.
  11. Менеджмент организации. //учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 1999г.
  12. Друри К. Ведение в управленческий и производственный учет // пер. с англ. – М.: аудит, Юнити, 1998г.
  13. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.
  14. Алдағы шығыстар мен төлемдерге арналған резервтерді есептеу – Тояпаков Ж.С. - Бухгалтер бюллетені, 1998ж. №50
  15. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.
  16. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е изд., перераб. и доп. – Минск: ООО «Новое знание»,2002. –688с.

Похожие материалы