Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Белгілі бизнесмен «Қоңыр унитаз» жүлдесін тағайындады

Белгілі бизнесмен «Қоңыр унитаз» жүлдесін тағайындады

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембай «Қоңыр унитаз» жүлдесін тағайындады. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Достар, қолынан түк келмейтiн бастықты анықтау үшін флешмоб, «Қоңыр унитаз» ұлттық премиясын жариялаймын! 

Егер сiз ең нашар деген әжетхананы көрсеңiз, оны суретпен видеоға түсiрiңiз. Жанына ол мекеменiң бастығының суретiн салып, жазбаларыңызға #қоңырунитаз деген хештег қойыңыздар. Бәрiмiз оның басшылық көрсетіп, ұятқа қалдырайық. Флешмоб жүлдегерiне өзіміз шығаратын өнiм жинағын сыйлаймын», - деп жазды Сейсембай. 

«Жүлдегер» 1 наурызда анықталмақ. 
Ал, әжетханасы ең нашар мекемені басқаратын бастыққа «Қоңыр унитаз» жүлдесi жiберіледі.

Похожие материалы