Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Белоруссияның Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеруге қарсы шара қабылдады

Белоруссияның Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемені көтеруге қарсы шара қабылдады

Белоруссияның Ұлттын банкі пайыздық мөлшерлемені негізсіз көтерген банктерге қосымша жүктеме енгізу туралы шешім фқабылдады. Осы арқылы тиімді депозитті-несиелі саясат қабылдауға және банк секторының тұрақтылығын көтеруге ықпал етпек.

"Пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы сақталып қалуы банк секторы мен жалпы экономикаға қосымша қауіп тудырады. Пайыздық мөлшерлемені төмендетуге арналған шаралармен қатар Ұлттық банк пайыздық депозитті-несиелі нарықта мөлшерлемені негізсіз көтерген банктерге қосымша жүктеме енгізу туралы шешім қабылдады", - деп жазылған кеңейтілген отырыстан кейін Ұлттық банк таратқан хабарламада.

Қосымша жүктемелердің қатарына несие бойынша арнайы қорлардың аударымдарын арттыру жатады. Аударымдардың пайыздық мөшерлемесі Белоруссия Ұлттық банкінің "овернайт" несиесі бойынша қолжетімді операциялардың мөлшерлемесінен артық.

Сондай-ақ келесі жылы проблемалы активтердің өсімін шектеу үшін банктерге несиелі қарыздарды қайта қаржыландыру кезіндегі міндеттемелерін орындауда қиындықтарға кездескен заңды тұлғалармен жұмысты жаңғырту тапсырылды.

 

Похожие материалы