Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bentley мен Rolls-Royce көліктеріне Land Rover қарсылас дайындап жатыр

Bentley мен Rolls-Royce көліктеріне Land Rover қарсылас дайындап жатыр

Land Rover қарсыластары Bentley мен Rolls-Royce жол талғамайтын көліктеріне бәсекелесуден қорқып отырған жоқ. Мұндай мәлімдемені Jaguar Land Rover-дің  Special Vehicle Operations (SVO) бөлімі басшысы Джон Эдвардс Auto Express басылымына берген сұхбатында жасады.

Топ-менеджердің айтуынша, Land Rover туындатқан SUV қымбат сегменттеріне люкс класты брендтердің қосылып отырғаны үлкен мақтаныш.
Жақында ғана таныстырылған Bentley Bentayga мен әлі жарыққа шықпаған Rolls-Royce көліктеріне жауап ретінде SVO Range Rover-дің жаңа моделін дайындап жатыр. Бүгінде Range Rover көліктерінің ең қымбат моделі - SVAutobiography. Оның құны - £164,600.
Салыстырар болсақ, W12 6.0 литрлік Bentley Bentayga бағасы £160,200-дан басталады. Мүмкін болатын опцияларды ескерсек, құны жарты миллион фунт стерлингке жетуі мүмкін. Сондай-ақ, Bentayga Speed-тің қуаттырақ түрі де жарыққа шығады деп жоспарланып отыр. Енді шығатын Rolls-Royce болса, €300,000 (£220,000) шамасында тұруы мүмкін.
Мүмкіндіктері өте кең деп уәде берілген Range Rover бағасы шамамен, £200,000 болады. Аталған модель келесі жылы шығады.

Похожие материалы