Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бензин бағасының тағдыры не болады?

Бензин бағасының тағдыры не болады?

Қазақстан жанармай бағасының кезекті өсуінің аз-ақ алдында тұр. Мемлекет алыс-беріс шикізатынан алынатын бензин маркаларына акциздерді бірден 133%-ға өсірмек. Мақұлданған жағдайда, жанар-жағар май материалдары (ЖЖМ) қымбаттайтыны анық деп жазады kapital.kz 

Ұлттық валютаның тұрақсыздығы мен әлеуметтік нан бағасы өсуімен бірге бензин бағасына қатысты тақырып та аз қозғалып жүрген жоқ. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап ең танымал АИ-92/93 бензин маркасының бағасы "еркін айналымға" жіберілген еді. Сол кезден бері долларға қатысты теңге бағамы 28%-ға құнсызданды. Бөлшек сауда туралы айтатын болсақ, 1 литрге 125-130 теңге шамасында. Ал, көтерме сауда болса, қазан айымен салыстырғанда 4%-ға төмендеді. Яғни, нарықта барлығы бәсекелестік заңы бойынша жұмыс жасайды. Бұл жерде мынаны ескеру керек: жер қойнауын пайдаланудан келетін басты табыс көзі - мұнай. Ол не экспортқа жіберіледі, не алыс-беріс сызбасы бойынша өңделеді. Бұл жерде жер қойнауын пайдаланушылар нетбэгіне әсер ететін факторларды анықтап алған жөн. Нетбэк дегеніміз - таза өндірістік құн. Бірінші кезекте жалпы экономикада орын алып отырған жағдай айтылады: әлемдік нарықта мұнай арзандап жатыр, елімізде теңге құнсызданды. Бұл жағдайда кейбір мұнай өндіруші елдер айналымдарды азайтып, салаға қолдау білдіреді. Тым құрығанда жағдайды ушықтырмауға тырысады. Ал, Қазақстанда барлығы керісінше орын алып отыр. Екінші фактор - экспорттық кеден салығы (ЭКС) мөлшері.  Елімізде қара мұнай өнімдері өндірісі көлемі ішкі сұраныстан артылады. ЭКС мөлшері - бір тонна үшін 60 доллар. Яғни, 2013 жылғы "жемісті" кезеңнің деңгейінде әлі тұр. Әйтсе де, "қара алтынның" әлемдік нарықтағы бағасы 60%-дай төмендеді. Демек, жер қойнауын пайдаланушылар өте төмен маржамен сатып отыр. Ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынғанына 5 жылдай болып қалды. Үшінші фактор - магистральды мұнай құбырлары арқылы тасымалдау тарифтерінің 10 пайызға қымбаттауы. Бұл шара 2015 жылдың 1 қазанынан бері қабылданды. Бір айта кетерлігі, тариф 2019 жылға дейін жыл сайын өсіп отыратын болады. Егер нарық заңына сүйенетін болсақ, құрылымда орын алған кез келген өзгеріс кірісте көрініс табады. Сол себепті, алдағы уақытта жанар-жағар май бағасының өсуі әдбен мүмкін.

Похожие материалы