Еуропаға гранд коллапс қаупі төніп тұр: 1815 жылғы Ватерлоодан 2015 жылғы Ватерлооға жеттік пе?
Заман өзгереді, зауал да өзгереді.
Кезінде Карл Маркс Еуропаны шарлап жүрген коммунизмнің күні туады деп болжам жасаған-тын. Бүгінгі таңда заман басқа: Еуропада жойқын коллапс шарлап жүр. Алайда бұл елес емес, ақиқат.
Әлем нарықтары мазасыз, құбылмалы күйде. Еуроаймақтың "драхматизациясы" мен жағдайдың драматизациясы шарықтау шегіне жетті. Грекияның өзінде ең қауіпті кезең туындап отыр - клиенттер кассаларды босатып, банктерден қашып жатыр. Банктер құлдырауда. Халықтың қоқыныш симптомы жаппай еуропсихозға ұласуы мүмкін.
Еуроодақ штабтары күн сайын шұғыл түрде жиналыстар өткізуде.
Сарапшылар есеп жүргізуде, Еуропа үшін ненің қаупі жоғары: Grexit пе, әлде Brexit пе? Грекиялық популизм бе, әлде британдық сепаратизм бе?
Тек Еуропаға ғана қауіп төніп тұрған жоқ. Грекия Еуроаймақтан шыққан жағдайда (солай болайын деп тұр) Еуроодақтың күйреуі басталады. Ал күйреудің мұндай желісі қалған құрлықтарға да ықпалын тигізеді. Алдымызда рецессияның жаңа кезеңдері, шикізат ресурстарына деген сұраныстың құлдырауы күтіп тұр. Егер бұған дейін тек көршіңіз ғана жұмыссыз қалса, енді оның қаупі бәрімізге де төнуде.
Неліктен барлықтары үшін барлығы да ең нашар сценарий бойынша өрбуде?
Еуро дағдарысы subprime дағдарысынан он есе қауіптірек болайын деп тұр.
Бір жыл бұрын дағдарыстың осылайша өрбу жолы "Еуро дағдарысы және жаһандық тәуекелдер" кітабында баяндалған еді...
Осы күндері Еуропа (Францияны есепке алмағанда) Ватерлоода 53 мың жауынгердің қатысуымен Наполеон соғысының жеңіліс эпизодын жайбарақат тойлап жатыр.
Еропаның жаңа жойқын Ватерлоо 2015-ке қадам басып келе жатқанын ұғынып жатқандар аз.
Қазақстандықтар да бұдан шет қалмайды.
Жаңа бюджет секвестрлерін күтіңіздер.