Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Binance негізін қалаушы LUNA-дағы жеке активтері 1,6 миллиардтан 2,2 мың долларға түсіп кеткенін айтты

Binance негізін қалаушы LUNA-дағы жеке активтері 1,6 миллиардтан 2,2 мың долларға түсіп кеткенін айтты

Binance криптобиржасының негізін қалаушы Чанпен Чжао «кедейлер» қатарына қосылғанын хабарлады деп жазады Insider.

Оның LUNA криптовалютасына салған инвестициясы 1,6 миллиард доллардан құлдырап 2,2 мың доллар болып қалған.

Чжао Твиттерде Binance-тің 15 миллион LUNA токені болғанын жазды. Криптобиржа бұл токендерді 2018 жылы Terra желісіне $3 млн инвестицияға айырбастап алған.  

Сәуірде Binance-нің бұл активтері 1,6 миллиард долларды құраған. Қатты құлдыраған LUNA токені бір күн бұрын 0,0001468 доллардан сатыла бастады.  Нәтижесінде 1,6 миллиард доллар 2,2 мың долларға «айналды».

Бағаның құлдырауына LUNA-ға туыстас токен terraUSD-нің АҚШ долларына байланбайтыны себеп болды. Баға құлдырай бастаған кезде, инвесторлар акцияларын сатуға асығып, жұртшылық terraUSD банкрот болды деп ойлай бастаған.  TerraUSD өзімен бірге LUNA-ны «құрдымға» ала кетті. LUNA мұның салдарынан 50 миллиард доллар жоғалтқан сияқты.

Дүйсенбі күні Чжао Terra командасын бірінші кезекте бөлшек инвесторлардың шығынын өтеуге шақырды.

Айтпақшы, 45 жастағы Чжао 1,6 миллиард доллар жоғалтқанына қарамастан түк те кедей емес. Bloomberg оның байлығын шамамен $14,8 млрд деп бағалайды. Forbes мәліметтері бойынша оның байлығының басым бөлігі Binance-тегі 70% үлесінен келеді.

Материалды аударып, ұсынған біздің серіктесіміз Medialab агенттігі. Medialab – медиа, коммуникациялық қызметтің барлық түрін ұсынады.  

Похожие материалы