
Биометриялық төлем дегеніміз - тұтынушының биометриялық ақпарттарын пайдалану арқылы жасалатын төлем түрі.
Биометриялық ақпарат - тірі адамның физиологиялық және мінез-құлықтық ерекшеліктері. Бұл - әр адамның өзіне ғана тән дербес ақпарат. Оған адамның саусақ іздері, көздің ішкі тор қабығы, бет әлпетін анықтау, алақан және ДНҚ мен дауысы жатады.