Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бір жыл ішінде Delta Bank түсімі үш есе артты

Бір жыл ішінде Delta Bank түсімі үш есе артты

Біржыл ішінде Delta Bank таза пайдасы 1,4 млрд теңгеге (+39,1) артқан деп банктің 2014 жылғы қаржылық есебінің деректерін негізге ала отырып, хабарлайды Kapital.kz.

2014 жылы банктің таза пайдасы 5 млрд 009 млн теңге болды, 2013 жылы бұл көрсеткіш төмен болған - 3 млрд 601 млн теңге.

Есеп мәліметтеріне сүйенсек, быр жыл ішінде банктің пайыздық кірісі 26,25-ға өскен. 2013 жылы банктің мұндай кірістері 22,4 млрд теңге деңгейінде болса, 2014 жылы - 28,3 млрд теңге. Бір жыл ішінде банктің пайыздық шығындары 3 есе артқан. 2013 жылы - 9,8 млрд теңге, 2014 жылы - 13,2 млрд теңге.

Бір жыл ішінде банктің активтері 95,6 млрд теңгеге (+50,3%) артқан. 2013 жылдың желтоқсан айының аяғында банк активтерінің көлемі 190,2 млрд теңге болса, 2014 жылдың соңында - 285,9 млрд теңге. Банк активтерінің ең үлкен үлесі - клиенттерге берілген несиелер. Оларға активтердің 80,3%-ы тиесілі.

Бір жыл ішінде банк міндеттемелерінің көлемі 85,5 млрд теңгеге артқан (+50,9%). Егер 2013 жылдың желтоқсанының аяғында банк міндеттемелері 168 млрд теңге деңгейінде болса, 2014 жылдың соңында олардың көлемі 253,3 млрд теңгеге жетті.

Банк бір жыл ішінде 10,1 млрд теңге соммасына (+45,5%) қосымга капитал тартқан.

Похожие материалы