Дубай. 26 мамыр. 7kun.kz - Біріккен Араб Әмірліктерінде әлемдегі алғашқы полицей-робот қызметіне кірісті. Робокоптың есімі - REEM. Бұл туралы CNN хабарлады.
Робот дөңгелекпен жүреді. Екі қолы бар, сыртынан қарағанда гуманоидқа ұқсайды. Бойы - 1,7 метр. Қолында сенсорлы экран орналасқан. Робокоп 9 тілде сөйлей алады. Сонымен қатар, адамның түрін 80 пайыз ажырата алады.
[caption id="attachment_69848" align="alignnone" width="600"] Фото: yvision.kz[/caption]Робокоп жергілікті сауда орталықтарда және туристік аймақтарда жұмыс істейді. Ол келген қонақтар мен қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, қажетті ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар, айыппұл қабылдайды.
[caption id="attachment_69849" align="alignnone" width="615"] Фото: yvision.kz[/caption]Одан бөлек, оған қандай да бір қылмыстың орын алғанын айтсаңыз, робот бірден ақпаратты бөлімшеге жібереді.
Жоспар бойынша, 2030 жылға қарай Дубайда полицей қызметкерлерінің төрттен бір бөлігінің орнын роботтар алмастырады. Сонымен қатар, тек машиналар ғана жұмыс істейтін алғашқы бөлімше құрылады.
https://youtu.be/2Z4F69L4RjQ