Қазіргі таңдағы жаһандану түсында әлемдік деңгейдегі маңызды мәселелер мен әр түрлі дағдарыстарды, экономикалық, саяси, әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында мемлекеттердің бір-бірімен бірігіп, ықпалдасуы заңды құбылыс.
Кез-келген экономикалық даму, ішкі және сыртқы саясатының жемісі мемлекеттердің интеграциялық қабілетіне байланысты екенін ескерсек еліміздің көп векторлы саясатының арқасында жүргізіліп жатқан интеграциялық саясаттың маңыздылығын байқауға болады.
Қазақстанның басқа мемлекеттерен ЕҚҮЫ, ШЫҮ, АӨСШК, ОАО, ТМД секілді одақтар мен ұйымдарына бірігуі мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайтып, саяси және экономикалық саясатты тиімді шешудің жолдары деп қарастырсақ, 2003 жылдан бері Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия елдері арасында Бірыңғай Экономикалық Кеңістік құру идеясын дәлел ретінде келтіруге болады.
Бұл кеңістікті құрудағы мақсат жоғарыдағы аталған 4 ел арасында экономикалық даму потенциялын арттырып, бәсекелестккті күшейту. БЭК- ті құру туралы келісім 2003 жылы Ялтада қол қойылсада, әлі күнге дейін нақтылы жүзеге асырылмай отыр. Оның себептеріне кейінірек тоқтала жатармыз.
БЭП-тегі Қазақстанның алатын рөліне келесек Қазақстанға тек экономикалық тұрғыдан ғана тиімді әрі маңызды. Егер осы үйым жүйеленіп, нақтылы іске асатын болса, онда:
- 4 ел арасында тауар айналымы ұлғайып, тарифтер теңестіріледі;
- Транзиттік жүк тасымалы еркіндетіледі;
- Жолаушылар қатынаы жүйеленіп, кедендік рәсімдер жеңілдетіледі;
- Мемлекеттік өндірісте бәсекелесік туып, экономиканың дамуына ықпал жасайды;...
Осындай келісімдер нәтижесі 4 ел арасында (Қазақстан, Ресей, Украина, Белорусия) таур ойналымының деңгейі алдыңғыға қарағанда біршама жоғары көрсеткішке жетелейді.
Мәселен, Украина мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың ең маңызды көрсеткіштері болып саналатын тауар айналымының деңгейі 1999 жылы 174 млн $, 2000 жылы 344 млн. $, 2001 жылы 645 млн. $, 2003 жылы 739 млн $, 2004 жылы 1 млрд $ тауар айналымы жөнінен Украина ТМД елдерінен кейін 2-орын алады. Украинадан Қазақстанға көлік құралдары және бөлшектер, тағам өнімдерін экспортталады. Ал Қазақстанның Украинаға импорты мұнай, газ, тауар маркалары, асбест және т.б. құрлыс заттары. Қазақстан Республикасы бюджетінің маңызды бөлігі мұнай-газдан ескерсек, Украина және т.б. елдерге сатылатын мұнай өнімдерінің ұлғаюына БЭК септігі зор.
БЭК шеңберінде Қазақстан үшін тағыда ұтымды бағыттар бар. Айталық, Қазақстан шикізат өнімдері мен тауарларды Ресей, Украина, Белорусия елдеріне тасымалдап қана қоймай, сол елдер арқылы Еуропа нарығына тікелей шығаруға мүмкіндік мол. Мәселен, Қазақстан 2003 жылы 50 млн. тонна мұнай өндірді, ал алдағы 10 жылда 150 млн. тоннаға жеткізбек. Жыл сайын 10 млн. тоннадан астам мұнай Ресей, Украйна арқылы Еуропаға тасымалданады. БЭК аясында транзиттік тасымалдау мәселесі жүйеленіп, арзан тарифпен Қазақстан экспортын біршама ұлғайтуға мүмкіндік алады. Мәселен, 2004 жылы өзінде Украинаның Одесса порты арқылы 7,6 млн. тонна қазақстан мұнайы Еуропа нарығына жеткізілген. Одан бөлек 712 мың тонна мұнай Украинаның мұнай зауыттарына тасымалданылған. Егер БЭК жүзеге аар болса Қазақстан тарапы өз мұнайын 4-тік елдеріне шйкідей сатпай ақ, сол жерде өңделіп, ары қарай Батыс нарығына шығару Қазақстан бюджетіне қыруар қаржы әкелінеді.
БЭК геоэкономикалық тұрғыдан алып қарағанда сөз жоқ тиімді. Дегенмен де таяқтың екі үшы бар секілді 4 елдің экономикасы біріккен кеңістікте Қазақстан үшін тиімді түстарымен қатар, шешімі күрделілеу ұлттық мәселесінің көлденең тұрғандығы. Бірақ ұлттық мәселені айналып өтіп, БЭК-ті тек экономикалық тұрғыдан қарастыру тиімді болып табылады.