Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 3 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 3 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz – БЖЗҚ сот шешімі шыққаннан кейін 6 жылдан кейін банкротқа ұшыраған  «HOMEBROKER» АҚ компаниясынан 3 161 428 049 теңге қаржыны өндіріп алды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде «HOMEBROKER» АҚ-ның борышкердің банкроттығы жолымен «БЖЗҚ» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор - аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды», – делінген хабарламада.

Ведомствода хабарлауынша, «HOMEBROKER» АҚ-ның берешегін «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС-нен сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «HOMEBROKER» АҚ-ның «БЖЗҚ» АҚ алдындағы берешегі толық көлемде өтелді.

Похожие материалы