Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 3 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды
Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz – БЖЗҚ сот шешімі шыққаннан кейін 6 жылдан кейін банкротқа ұшыраған «HOMEBROKER» АҚ компаниясынан 3 161 428 049 теңге қаржыны өндіріп алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде «HOMEBROKER» АҚ-ның борышкердің банкроттығы жолымен «БЖЗҚ» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор - аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды», – делінген хабарламада.
Ведомствода хабарлауынша, «HOMEBROKER» АҚ-ның берешегін «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС-нен сот тәртібімен өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «HOMEBROKER» АҚ-ның «БЖЗҚ» АҚ алдындағы берешегі толық көлемде өтелді.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





