Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл құны 600 млрд теңгеден астам заңсыз иеленген мүлік активтер мен ақшалай қаражаттарды мемлекетке қайтарды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың ішіне қымбат жылжымайтын мүлік, сәнді автомобильдер, бағалы металдар мен зергерлік бұйымдар, сондай-ақ қолма-қол ақша кіреді.
«Бұдан бөлек, елімізде және шетелде жалпы сомасы 360 млрд теңгеден асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен қаражат анықталды және олар жақын арада мемлекетке қайтарылады», – делінген хабарламада.
Агенттікте президенттің тапсырмасы бойынша барлық қайтарылған активтер мектеп құрылысына бағытталаты атап өтілді.