Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әблязовтың тағы бір сыбайласы елге оралды

Әблязовтың тағы бір сыбайласы елге оралды

Алматы. 11 тамыз. 7kun.kz -  Мұхтар Әблязовтың тұсында «БТА банкінің» проблемалық кредиттер басқармасы бастығының орынбасары болған Ержан Кадесов өз еркімен Қазақстанға оралды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро хабарлады.

Кадесов бұған дейін Будапешт қаласында қашып жүрген. Оған 2009 жылы сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі кезде оған қарсы тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, Әблязов Қазақстанда сыртай 20 жылға сотталған. Онымен бірге банктің басқарма төрағасы болған Сәдуақас Мамеш пен кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жәрімбетов шартты түрде 5 жылға сотталды. Банктің кредиттеу бойынша директоры Қайрат Садықов 15 жылға сотталып, оған үш жыл бойы кәсіби қызметімен айналысуға тиым салынды.

     

Похожие материалы