Алматы. 11 тамыз. 7kun.kz - Мұхтар Әблязовтың тұсында «БТА банкінің» проблемалық кредиттер басқармасы бастығының орынбасары болған Ержан Кадесов өз еркімен Қазақстанға оралды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро хабарлады.
Кадесов бұған дейін Будапешт қаласында қашып жүрген. Оған 2009 жылы сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған.
Қазіргі кезде оған қарсы тергеу жұмыстары жалғасуда.
Еске салайық, Әблязов Қазақстанда сыртай 20 жылға сотталған. Онымен бірге банктің басқарма төрағасы болған Сәдуақас Мамеш пен кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жәрімбетов шартты түрде 5 жылға сотталды. Банктің кредиттеу бойынша директоры Қайрат Садықов 15 жылға сотталып, оған үш жыл бойы кәсіби қызметімен айналысуға тиым салынды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024