«Болашақ» қоры Disney студиясының тағы бір анимациялық фильмін қазақшаға аударды

4 наурызда «Болашақ» корпоративтік қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Disney студиясының «Алға» анимациялық фильмінің алдын-ала көрсетілімін өткізеді.
«Алға» ескі аңыздарда айтылған нағыз сиқырды тауып алмақшы болған екі ағайынды эльфтердің шытырман оқиғаға толы сапары
туралы.
Бұл «Болашақ» көмегімен қазақ тілінде дыбысталып отандық кинопрокатқа шығатын 34-ші фильм.
Айта кетейік, Голливудтық киностудиялардың фильмдері «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен қазақ тіліне дыбысталады. Жоба серіктестері: KINOPARK кинотеатрлар желісі, ivi онлайн кинотеатры. Фильм дубляжының демеушісі – BI Group компаниясы.
Нұр-Сұлтан қаласындағы алдын-ала көрсетілім «Nur Otan» партиясының қолдауымен, ал Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Іс-шараға «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің құрметті мүшесі, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Бауыржан Байбек, BI Group компаниясының өкілдері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, блогерлер, медиа-тұлғалар, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы көрсетілім Достық көшесі, 9 мекен-жайы бойынша Keruen СОО, Kinopark 7 IMAX, №5 залында өткізіледі. Алматы қаласындағы көрсетілім Әл-Фараби даңғылы, 77/8 мекен-жайы бойынша «Esentai mall» СОО, Kinopark 11 Esentai IMAX №6
залында өткізіледі. Іс-шараның басталу уақыты 18:30.