Қазақстан. 21 маусым. 7kun.kz – Қаржы мониторингі агенттігі Нұрша Кәкеновтен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың одан «Karuan» ЖШС-нің үлесін рейдерлік жолмен тартып алғаны туралы арыз қабылданғанын растады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«17 маусымда Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне азамат Н.Какеновтен «Karuan» ЖШС-ін рейдерлік жолмен тартып алу туралы арыз түсті. Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі. Басқа ақпарат ашылуға жатпайды»,– деді Қаржы мониторингі агенттігінде
Айта кетейік, бұған дейін белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков Болат Назарбаев пен оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиеваға қарсы рейдерлік әрекет жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын жазды.
Еске салайық, 19 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев рейдерлікке қарсы күресті күшейтуді тапсырды.