Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Қазақстан Венадағы ОПЕК және картельге мүше емес елдер арасында болатын кездесуге қатысады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді
"Барғалы жатырмын", - деп жауап берді министр журналистердің сауалына.
Сондай-оқ, ол ОПЕК-ке мүше емес елдер арасында Қазақстан ірі мұнай өндіретін ел емес екендігін, өндірісті қысқарту шешімі басқа елдердің әрекетін қарай қабылданатынын атап өтті. "Біз серіктестердің ұстанымына қарай әрекет етеміз", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндоға сілтеме жасап, Венадағы кездесуге картельге мүше емес 12 ел қатыстатыны туралы хабарлаған.
Ал 30 қараша күні ОПЕК тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін 1,2 млн баррельден 32,5 млн баррельге дейін қысқарту туралы келісім жасады. Сондай-ақ, болжамға сәйкес, ОПЕК-ке мүше емес елдер шикізат өндірісін тәулігіне 600 мың баррельге, соның ішінде Ресей 300 мың баррельге дейін қысқартады деп күтілуде.
Бұған дейін ОПЕК пен оған мүше емес елдердің кездесуі 9 желтоқсанда Дохада өтеді деп хабарланған. Алайда кездесу 10 желтоқсанда Венада өтетіні туралы ақпарат тарады.





