Мұнай алдыңғы сессияда төмендегеннен соң, сейсенбі күні қымбаттады, нарық қатысушылары АҚШ-тағы көмірсутектер қоры туралы мәліметтердің жариялануын күтуде деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Brent мұнайының сәуірлік фьючерстері ICE Futures Лондон биржасында 17:45 АСТ $0,73 (1,24%)-ға, барреліне $59,63 дейін қымбаттады.
Нью-йорк тауар биржасының электрондық сатылымында (NYMEX) сәуір айына арналған WTI мұнайы фьючерсінің бағасы осы уақытта $0,36 (0,73%)-ға, $49,81 дейін артты.
Нарық назары АҚШ-тағы қор мөлшері жайындағы деректерге ауып отыр, олар сәрсенбі күні 21:30 АСТ жарияланатын болады. Сарапшылардың пікірінше, өткен аптада АҚШ-тағы мұнай қорлары 3,75 млн баррельге артқан.
"ОПЕК-тен тыс елдер өндіріс көлемін азайтуы үшін, мұнай бағасы кем дегенде келесі төрт ай төмен деңгейде болуы тиіс", - деп бөлісті жорамалымен UBS Group сарапшысы Джованни Стауново.