Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Brent мұнайының құны 49,13 доллар болды

Brent мұнайының құны 49,13 доллар болды

Астана уақыты бойынша 11:48-де ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстік құны барреліне 49,13 доллар деңгейінде саудаланды. Ал бейсенбі күнгі саудада қара алтынның құны 0,25%--ға арзандап, барреліне 48,81 долларды құраған.

Нью-Йорк тауарлық биржасындағы (NYMEX) электроны саудада WTI мұнайының маусым айына арналған бағасы таңғы сессия кезінде 48,64 долларды құраса, келесі сессияда барреліне 48,16 долларды құрады, деп жазды vedomosti.ru.

Мұнай құны АҚШ-тағы шикізат өндірісінің қысқаруына байланысты қымбаттап жатыр. АҚШ-тың Энергетика министрлігінң энергетикалық ақпарат жөніндегі басқармасының мәліметінше, өткен аптада елдегі өндіріс көлемі тәулігіне 8,79 мл баррелге қысқарған.

Похожие материалы