Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БРИКС елдері ХВҚ мен Дүниежүзілік банктың аналогын құрмақ

БРИКС елдері ХВҚ мен Дүниежүзілік банктың аналогын құрмақ

БРИКС елдері дағдарыс жағдайында қаржылай көмектесу туралы және Жаңа даму банкін құру туралы келісімге келді. Қаржы мекемесі бірлестікке мүше-елдердің инфрақұрылымдық жобаларына инвестиция салумен айналысады. Мұны Халықаралық валюталық қордың және Дүниежүзілік банктің аналогы ретінде қарастыруға болады деп жазады ВВС орыс қызметі.

Аталған шешім Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка елдерінің орталық банк басшылары мен қаржы министрлерінің кездесуі кезінде қабылданды. Өзара консультация БРИКС елдері лидерлерінің Уфадағы саммиті ашылуынан бір күн бұрын өткізілген. Қаржылай көмек беру және БРИКС елдерінің өзіндік даму банкін құру процесі туралы мәселе өткен жылғы саммитте көтерілген еді. Осы жылғы кездесуде жаңа детальдары анықталды. Дағдарыс жағдайында бір-біріне көмек беру көлемі белгіленіп, Қытай 41 млрд доллар, Бразилия, Үндістан және Ресей 18 млрд доллар, ОАР 5 млрд доллар көлемінде үлес қосты.

Похожие материалы