Швейцарияда сағаттарды экспорттау көлемі 2015 жылдың желтоқсан айында 3,8%-ға қысқарған. Ал қараша айында экспорт көлемі 5,6%-ды құрады. Бұл туралы швейцарлық сағат өндірісі федерациясының мәліметіне сілтеме жасап, vestifinance.ru хабарлайды.
Сағаттарды Ганконгқа жеткізу - 21,1%-ға, АҚШ-қа - 5,5%-ға төмендеген. Алайда сағаттарды Қытай еліне жеткізу - 5,5%-ға, Ұлыбританияға жеткізу - 25,9%-ға, Сингапурға - 8,6%-ға, БАӘ-не тасымалдау - 9,6%-ға артқан.
Швейцариядағы жалпы экспорт көлемі 2015 жылдың желтоқсан айында 1,4%-ға азайған. Мұндай мәліметті елдің федералды кеден ведомствосы келтіреді.Ал импорт көлемі 8%-ға қысқарды. Бір ай бұрын елдегі импорт көлемі 1,7%-ға артқан.
Мемлекеттің сыртқы сауда балансының профициті желтоқсанда 2,54 млрд швейцарлық франкты ($2,5 млрд) құрады.
Фото:vestifinance.ru