Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы қорының жұмысы тексерілуде

Зейнетақы қорының жұмысы тексерілуде

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметіне тексеру жүргізілуде, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Тексеру жұмыстары Ұлттық Банктің қатысуымен 21 желтоқсанда басталған. Еске салайық, кеше бірқатар сайттарда ҰБ төрағасы Данияр Акишевтің БЖЗҚ-да құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тексеру туралы тіс жармай отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Сондай-ақ Ұлттық банк 2014 жылдың қыркүйегінде БЖЗҚ есеп-шотындағы 100 млрд теңгені есептен шығарып тастағаны туралы да жазылған. Тексеріс жүргізіп жатқан құзырлы органдар бұдан бөлек 5 млрд теңгені «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларына инвестицияланғанын анықтаған. Кейбір БАҚ-ның жазуынша қаражат осы тәсілмен ұрланған. Артынша БЖЗҚ баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ақпарат таратқан еді. Кешегі үнсіз отыр деген айыптаулардан кейін бүгін ақпарат таратқан ҰБ құқық қорғау органдарының іс-әрекеттеріне түсінік беруге құқылы емеспіз деді. Сондай-ақ «ахуалға құқықтық бағалау тексеру аяқталған соң және тиісті процессуалдық шешімдер шығарылғаннан кейін беріледі», делінген ҰБ таратқан мәлімдемеде.

Похожие материалы