Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңгесі банктерге беріледі

БЖЗҚ-ның 200 миллиард теңгесі банктерге беріледі

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерге қолдау көрсету бағдарламасын әзірледі, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Бағдарламаға меншікті капиталының мөлшері 60 млрд теңгеден асатын қаржылық ұйымдар қатыса алады.

Бағдарламаға сәйкес, қаржылық реттеуші банктерге нарықтық талаптармен кредит беруді бастайды. Мақсат – экономикаға қолдау көрсету. Ол үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы 200 млрд теңгеге дейінгі зейнетақы активтері пайдаланылады.

Банктердің құнды қағаздарын инвестициялау жөніндегі бағдарламаға меншікті капиталының мөлшері 60 млрд теңгеден асатын ұйымдар қатыса алады.

Ұлттық банктің мәліметінше, облигацияларды инвестициялау Қазақстан қор биржасының алаңында жүзеге асырылады. Бұл ретте, инвестициялау бағалы қағаздар шығарылымының 50%-ынан аспауға тиіс.  Облигацияларды қосымша орналастыру шеңберінде, яғни басқа инвесторлардың міндетті қатысуымен ғана сатып алуға болады. Ұсынылған тетік нарыққа қатысушылардың облигациялар бойынша кірістіліктің нарықтық мөлшерлемелерін айқындауына және эмитенттерге шоғырлану тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде қаржылық реттеуші облигациялық бағларламаға қатысу үшін екінші деңгейлі банктерге ұсыныс жіберген. Банктердің дені қызығушылық танытып отырған көрінеді. Бұл ретте, «Банк ЦентрКредит» АҚ алғаш болып зейнетақы активтерінің есебінен Қазақстан қор биржасына облигацияларды орналастырған.

Похожие материалы