Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ зейнетақы активтері банктердің облигацияларын инвестициялайды

БЖЗҚ зейнетақы активтері банктердің облигацияларын инвестициялайды

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері нарықтық талаптарға сәйкес, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясы белгілеген талаптарға және шектеулерге сәйкес мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық қағидаттарымен түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламентінің Мәжілісі отырысында айтып берді.

Ол 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы портфеліндегі ҚР Қаржы министрлігі шығарған ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі 39,7%-ды құрайтындығын нақтылады.

«Бұл бағалы қағаздар бағалы қағаздардың ішкі нарығындағы ең сенімді қағаздардың бірі болып табылады», - деді Д. Ақышев.

Ұлттық Банктің басшысы сондай-ақ 2018 жылғы 9 айдағы қорытынды бойынша екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарының БЖЗҚ зейнетақы активтері портфеліндегі үлесінің 17,9% болғанын атап өтті.

«Олар бойынша орташа алынған кірістілік – жылдық 9,8%. Бұл ретте 2016 жылдың басынан бастап БЖЗҚ портфеліндегі банк секторының үлесі жаңа инвестициялардың қысқаруы, сондай-ақ банктердің өз міндеттемелерін жоспарлы өтеуі есебінен 33,9%-дан төмендеді», - деді ол.

Д.Ақышев бүгінгі таңда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау банктер үшін 2018 жылға арналған сомасы 200 млрд. теңге болатын облигациялық бағдарлама шеңберінде ғана жүзеге асырылады, ол экономиканы қолдау үшін 2018 жылдың тамызының ортасында іске қосылды деп  атап өтті. Осы облигациялық бағдарламаға меншікті капиталының деңгейі жоғары (60 млрд теңгеден асатын) ірі банктер ғана қатыса алады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін  бір екінші деңгейдегі банкке инвестициялау 20 млрд теңгеден аспайды. Инвестициялар Қазақстан қор биржасының сауда алаңында (KASE) басқа инвесторлардың бірдей қатысу шартымен жүзеге асырылады.

«Бүгінгі таңда банктер үшін 2018 жылға арналған көрсетілген облигациялық бағдарлама шеңберінде нарық талаптарымен БЖЗҚ зейнетақы активтері жылдық 11,5-12% кірістілікпен жалпы сомасы 35 млрд теңгеге банктердің облигацияларына инвестицияланған», - деп  қорытындылады ол.

Похожие материалы