Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2,2%-ды құрады

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2,2%-ды құрады

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі осы жылдың алғашқы 4 айында 2,2%-ды құрады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ҚР Үкіметінің және Есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы 2015 жылғы есебінің презентациясынан кейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлімдеді.

Қаржы реттеушісінің өкілі 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ  зейнетақы активтерінің мөлшері 2015 жылы 29,1%-ға ұлғайып, 5,8 трлн. теңге құрағанын атап өтті. Зейнетақы активтерінің 2015 жылы салымшылар шоттарына бөлінген кірістілігі 15,7% болды.

А. Ахметов 2016 жылы күтілетін барлық зейнетақы активтерінің 1 450 млрд теңге мөлшеріндегі бос ағындары  ҚР Президентінің тапсырмасымен бірнеше бағыт бойынша инвестицияланатынын еске түсірді. Бұл – республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды (МБҚ) сатып алу (350 млрд теңге), шетелдік нарықтарға инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу (500 млрд теңге), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің негізделген борыштық бағалы қағаздарын сатып алу (400 млрд теңге) және ШОБ-ты қаржыландыру үшін ЕДБ-нің негізделген қаржы құралдарын сатып алу (200 млрд теңге).

Похожие материалы