2016 жылдың 1 сәуіріндегі жағдайға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша жылдық кірісі 16,9 %-ды құрады. Ал инфляция деңгейі бойынша - 15,7%. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомство хабарламасында айтылғандай, 2015 жылғы курстық айырмашылық салым бойынша инвестициялық кіріс алып келді. "2015 жылы да екінші деңгейді банктердегі салым мен құнды қағаздар сыйақысы есебінен осындай кіріс болған", - деп нақтылады банк өкілдері.
Сондай-ақ, реттеуші ақпаратына сәйкес, қарыз қаржы құралдары бойынша сыйақы төлеу теріс курстық саясаттың орнын толтыруға мүмкіндік береді. 2016 жылдың 1 сәуіріндегі есепке сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі қарыз қаржы құралдарының үлесі 93%-дан жоғары болды.
«Мысалы ақпан айында ұлттық валюта курсының 360 теңгеден 348 теңгеге дейін нығаюына қарамастан БЖЗҚ салымшылары 10 млрд теңге көлемінде инвестициялық кіріс алды", - делінген хабарламада.
Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, 2016 жылдың 1 тоқсанында салымшылардың жеке зейнетақы есебіне келіп түскен БЗЖҚ инвестициялық кірісі 163,7 млрд теңгені құрады.