Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Cadillac пен Alfa Romeo жаңа модельдер шығаруды жоспарлауда

Cadillac пен Alfa Romeo жаңа модельдер шығаруды жоспарлауда

Fiat Chrysler Automotive автоконцерні 2018 жылға дейін Alfa Romeo люкс брендінің дамуына $6 млрд инвестицияламақ. Бұл туралы Детройттағы автосалонда концерн басшысы Серджио Маркьонне мәлімдеді.

Компани аталған марка аясында 8 жаңа модель шығарып, 2014-2018 жылдар аралығында сатылым көлемін 70 мыңнан 400 мыңға дейін өсіруді жоспарлауда. Жекелеп алғанда 2016 жылы тұңғыш рет бренд атынан шағын кроссовер жарық көрмек. Жаңа көліктерді сатуда негізгі нарық ретінде Қытай мен Солтүстік Америка қарастырылып отыр. Американдық General Motors өзінің Cadillac атты брендін дамытуға күш салмақшы. Бес жыл ішінде компания аталған брендтің 8 моделін шығарып, осы бағытта $12 млрд қаражат жұмсамақшы. CT-6 атауымен нарыққа шығатын алғашқы Cadillac екі ай ішінде елге таныстырылады. Бұл туралы өткен жылдың шілдесінде Nissan-нан GM-ге өткен, бренд-менеджер Йохан Нисшен хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, Cadillac та жеңіл кроссоверге ие болып, Қытай нарығына енуді көздеп отыр екен.  

Похожие материалы