Сәуір айының басында Қазақстанның сыртқы қарызы 17,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің деректерінен белгілі болды.
Бұл Қазақстанның Ішкі жалпы өнімінің 25,5%.
2019 жылдың сәуір айы басталғанда қарыз 15,7 трлн теңге болған. Бір жылда сыртқы қарыз 12,7%, немесе 2 трлнға өскен.
Бұлардың ішінде:
-үкіметтің қарызы 14,1 трлн теңге (жалпы қарыздың 80% ).
- Ұлттық банктің дисконтталған құн бойынша ішкі қарызы (қысқамерзімді ноталар) - 3,4 трлн теңге;
- жергілікті атқарушы органдардың қарыз портфелі - 190,3 млрд теңге.