Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д.Ерғожин: Мейрамханалардың "қара тізімін" жариялау оң нәтиже берді

Д.Ерғожин: Мейрамханалардың "қара тізімін" жариялау оң нәтиже берді

Мейрамханалардың "қара тізімін" жариялау оң нәтиже берді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Тізімде жарияланған мейрамханалардың көбі сәйкес қосымша декларацияларды тапсырып, салықтарын төледі. 200 миллион теңге өтелді, бұл сома өсетін болады. Қазір біз Алматы мен Астанадағы, облыс орталықтарындағы мейрамханаларға хронометражды тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді Ерғожин тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып. Ол адамдардың кей жағдайларда салықты не үшін төлеуі керектігін түсіне бермейтінін атап өтті. "Оларға даяшыларды қызметші есебінде тіркеп, адамдарды жасыруға неліктен болмайтынын басынан бастап түсіндіруге тура келеді. Клиенттерден төмендетілген чекпен төлеуді сұрамауларын да түсіндіреміз. Біртіндеп мәдениетіміз дамып келе жатыр, салықты бәрі төлейтін болады деп ойлаймыз", - деді Д.Ерғожин. Еске сала кетейік, мамыр айының соңында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Дәулет Ерғожин Facebook әлеуметтік желідегі "Борьба с теневой экономикой" тобына өткен жылы бір миллион теңгеден төмен салық төлеген Алматы мейрамханаларының тізімін жариялаған болатын. Ол басқа аймақтардағы осындай мейрамханалардың тізімін жариялауға уәде берді.

Похожие материалы