2014 жылы дүние жүзі бойынша өнеркәсіптік роботтардың сатылымы алғашқы рет 200 мыңнан асып түсіп, жаңа рекордтық көрсеткішке жетті деп айтылған Халықаралық робототехника федерациясының (IFR) хабарламасында.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 27%-ды қамтыды.
"Ең күшті жоғарылау автокөлік жасауда байқалады, содан соң электроника өндірісі. Өнеркәсіптік роботтар жөніндегі әлемдік статистиканың алғашқы мәліметтеріне сүйеніп, IFR 2014 жылғы сатылым көлемі 225 мың бірлікті қамтыды деп баға берді, бұл 2013 жылға қарағанда 27%-ға артық", - деп мәлімдеді ұйым президенті Артуро Барончелли.
Жоғары көрсеткіштер барлық өңірлерде байқалады, бұл ретте Азияда шамамен 140 мың өнеркәсіптік робот сатылған.
Өнеркәсіптік роботтарды сатып алу бойынша көш басында бұрынғыша Қытай елі: 56 мың дана, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 54%-ға артық, соның ішінде 16 мыңын қытайлықтар өздері жасап шығарған.
Екінші орында - Оңтүстік Корея (39 мың), сонымен қатар үздік бестікте Жапония, АҚШ және Германия бар. 2014 жылғы өнеркәсіптік роботтардың дүниежүзілік сатылымының шамамен 75%-ы осы елдерге тиесілі.