Экономика
Дүниежүзілік мұхит ЖІӨ-сі $2,5 трлн деңгейінде бағаланды
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) Дүниежүзілік мұхит ресурстарның құнын 24,2 трлн доллар деңгейінде бағалады деп хабарлады дүйсенбі күні қордың баспасөз қызметі.
Бұл ретте баспасөз қызметі бұл цифра төмендетіліп беріліп отырғанын жеткізді, себебі көптеген ресурстарды ақша эквивалентіне келтіру мүмкін емес.
"Жыл сайын Дүниежүзілік мұхиттың адамзатқа "жеткізетін" тауарлар мен қызметтердің шамамен алғандағы құны 2,5 трлн долларға тең. Егер бұл цифрды Дүниежүзілік мұхиттың
ЖІӨ-сі ретінде алсақ, онда бұл АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция және Ұлыбританиядан кейінгі әлемдегі жетінші экономика", - делінген хабарламада.
Қор баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір мұхит денсаулығы күрделі жағдайда, бұндай жағдайға ластану, аса көп ұстау, көптеген балықтар мен жануарлардың тұратын орнының бұзылуы, сонымен қатар мұхит температурасы мен қышқылдығының жоғарылауы (маржан мен мидий қаңқаларының бұзылуына әкеліп соқтырады) себеп.
"Мұхит температурасы қазіргі қарқынмен өсе берсе, мысалы маржан рифтері 2050 жылға таман толығымен жойылады", - делінеді қор хабарламасында.